ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ Т.РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ БАЙЗАҚ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:30, 9 шілде 2018

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарына жұмыс сапарымен барды.  Ондағы  масақты дәнді дақылдарды жинау мен  жазғы дала жұмыстарының барысымен танысты.

Ең алдымен Асқар Мырзахметов  Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылдық округіне қарасты Сұмқайты елді мекеніндегі «Шаушен» шаруа қожалығының тұқым шаруашылығындағы жоғарғы репродукциялы күздік бидай алқабының ору жұмыстарымен танысудан бастады. Негізгі бағыты асыл тұқымды мал және егін шаруашылығын дамытумен айналысатын қожалықтың  жалпы жер көлемі 26 мыңнан аса гектарды құрайды. Оның 11 мың гектарға жуығы егістік жер. Биылғы жылы ораққа 4 мың гектар күздік, дәл осындай көлемде жаздық бидай орылады. Бүгінгі күні шаруашылық иелігінде  52 мың бас қой, 2620 бас жылқы бар. Ендігі кезекте шаруашылық басшысы ет өндіретін база соғуға жақын маңнан жер керектігін айтып отыр.

Ет қабылдайтын комбинаттар сойылған малдың басын, терісін, ішек-қарнын алудан бас тартатын көрінеді. Бұл өз кезегінде осы сынды шаруашылықтардың жұмысына кедергі келтіріп отыр. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына таяу арада жер қарастырып, сойылған малды толығымен кәдеге жарату үшін комбинат соғудың тиімді жолдарын табуды тапсырды. Сонымен қатар, облыстағы ет экспорты жұмысын одан әрі дамыту үшін етті уақытша сақтау базасы мен ет мұздататын камераларды жаңарту қажеттігін қадап айтты.

Т.Рысқұлов ауданының  егіс даласында да қайнаған тіршілік,  жұмыс қызып жатыр. Мұнда  биыл 86 мыңға жуық гектар масақты дақыл ораққа түседі деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда, 36 мың гектар күздік, 3 мың гектар жаздық бидай мен 47 мың гектар жаздық арпа. Бұдан бөлек 17 мың гектар мақсары пісіп жетіліп, орымға дайын.  Қазіргі уақытта ауданда «Ақбұлақ», «Нұрдәулет», «Раушанбектегі», «Құлбарақ», «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-гі секілді шаруа қожалықтар егін орағы жұмыстарын бастады. орташа өнімділік  әр гектарға 23-24 центнерден асып отыр.  ауданда  егін ору жұмыстары   25-28 күнде аяқтау межеленіп отыр.

Аймақ басшысы ат басын бұрған келесі нысан Байзақ ауданы, Суханбай ауылдық округіндегі «Талап» шаруа қожалығы болды.  Сонымен бірге Бурыл ауылдық округіндегі «Яшар» шаруа қожалығына да барды.  Серіктестік жетекшісі облыс әкіміне өнімдерін тиімді сатудағы кедергілерді жеткізді. Қант зауыттары дихандардың еңбегін елемей, бағаны 8 теңгеге дейін түсірген. Бұл орайда Асқар Исабекұлы шаруақожалықтар бірігіп, қант шығаратын цех соғудың тиімді мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Жалпы, Жамбыл облысында биыл дәнді-дақылдардың шығымдылығы  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Яғни өнімділігі 750 мың тонна деп жоспарлануда. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 мың тоннаға жоғары көрсеткіш.

А. ТІЛЕУХАНҚЫЗЫ, М. ТАУБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
21:55, 14 қараша 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТІ  ТӨМЕНДЕТУ – ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА
20:30, 14 қараша 2018
ТАРИФТІ ТӨМЕНДЕТУ – ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
12:23, 9 қараша 2018
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Толығырақ...