ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ АХУАЛ

20:07, 17 шілде 2019

Жамбыл облысында эканомикалық өсім 103,8 пайызға артқан. Барлық салада өсім байқалады.  бөлшек сауда өсімі 130,4 пайызды құраса, көтерме сауда 109,8 пайызды құраған. Сондай ақ, өңірде құрылыс екпін алып, 12,4 пайызға өскен. Нәтижесінде 226 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті.  

Бұл туралы  аймақ басшысы  Асқар Мырзахметов алтыншы шақырылған  Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отызыншы сессиясында  баяндама жасады.   Мұнан өзге сессияда 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер нақтыланды. 

Облыстық маслихаттың кезектен тыс  сессиясында  Жамбыл  облысының  әкімі Асқар Мырзахметов   бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.  Нақтырақ айтсақ, аймақта әлеуметтің әлеуетін арттыратын тың жобалар қолға алынған.    Өнеркәсіп өндірісі 3,0 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,4 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция 12,7 пайызға артыпты. Осы орайда айта кетейік  бюджеттен тартылған инвестиция азайып, жеке сектордың үлесі көбейген. Есепті кезеңде     17 млрд.теңгеге   7 жоба іске қосылды.  Жыл соңына дейін  46 млрд.теңгеге  9 жоба жүзеге асады  деп жоспарланып отыр. Бөлшек сауда 104,3%-ды, көтерме сауда 109,8%-ды құрап отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 50 жоба іске асырылған.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі  /Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы туралы айтады/

Сондай-ақ,  ауыз су мәселесі де шешімін тауып келеді. 199 елдімекенде 130 мың адам су құбыры бола тұра таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны анықталған.  Алты айдың қорытындысы бойынша 34 мың тұрғынға су жетіпті. Ал, ауыл шаруашылығы  өнімі 103,8 пайызға өсіп, 670 мың гектарға жетті. Эт экспортына 500 тонна ет  жіберіліп, бұл меже 30 % құраған.  Егін ору өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. Елдімекендерді газдандыру бағытында  үзіліссіз жұмыстар атқарылап келеді.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі /жыл соңына дейін бес ауданда, 81 елді мекенге газ құбыры тартылмақ/

Мұнан өзге облыс бюджетінің кірісі 302,8 млн.теңгеге жетті. Ұлттық қордан әлеуметтік салаға  қосымша 9,2 млрд. қаржы бөлінген. Өңірде бүгінгі таңда ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге өсіп, яғни 70 мыңға жуық жамбылдықтың  жалақысы 44,2 мың теңгеден 53,6 мыңға артты. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселенің бірі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту. Мұны  Республика Президенті өзінің ұлықтау рәсімінде де және кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап көрсетті. Бұл тұрғыда біз, облысымызда осы мақсатқа қол жеткізудің жолдарын, тетігін анықтадық,- деді аймақ басшысы Асқар Мырзахметов.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі

Сан  саланың тірлігін тіктеп, бағамын бағамдаған Асқар Исабекұлы  сөз соңында ауыл-аймақты дамытудағы жұмыстар бұдан әрмен қарай да жалғасатынын атап өтті.

Райхан Шәлібекқызы, Руслан Сандыбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...