ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АЙТ – БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

20:45, 5 маусым 2019

Отыз күн  бойы Жаратқанға құлшылық етіп, ораза ұстаған күллі мұсылман үшін ұлық саналатын айт мерекесі келіп жетті.  Ораза айты- төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайрымдылық жасаған пенденің құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәті. 

Таң атпай мешітке ағылған шаһар жұрты, айт мерекесін ұлықтап, оразадан айтқа жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер айтып дұға жасады. Көпшіліктің қатарында орталық мешітке ат басын бұрған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Әулиеаталық әлеуметке мерекелік құттықтауын жеткізді.  Қасиетті рамазан айынан кейін үш күнге жалғасатын мерекеде әр мұсылман баласы мейлінше бір-біріне тілектерін айтып, қуаныштарын бөліседі. Сонымен қатар парыз етілген пітір- садақадан бөлек, қолы ашық жомарт жандар осы айт мерекесінде жоқ жітіктерге көмек қолдарын созуды өздеріне парыз санайды. Осындай игі істердің бір ғана парасы,  орталық Һибатулла Тарази мешітінде 120 жетім балаға қайырымдылық  сый- сияпат жасалды.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қ. Байкүшіков

Н.Бағбанов

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
20:54, 11 қараша 2019
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:52, 6 қараша 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...