ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

АҚҚҰМДА НЕГЕ ПОЛИЦИЯ ЖОҚ?

18:20, 16 тамыз 2018

Талас ауданы Аққұм ауылының тұрғындары полиция іздеп жүр. Себебі, жазда жайлауда, қыста қойнауда жатқан малды іліп- шіліп кететіндер тиылар емес. Ал, қарымтасы жоқ барымтаға құныққан қарақшыларды құрықтайтын тәртіп сақшысы ауылда атымен жоқ.  

Желдің өтінде, құмның шетінде орналасқан елді мекен тұрғынджары осылай деп шағым айтады. Бұл мәселе биік мінберлерден талай мәрте айтылса да жергілікті биліктен қайран болмаған.Қарашаның  ендігі үміті аймақ атқамінерлерінде болып отыр. Таласқа барып қайтқан тілші әңгімесі.

Аққұм ауылдық округі аудан орталығынан 100 шақырым жерде. Екі мыңнан аса тұрғыны бар елді-мекенде халықтың басым бөлігі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Алайда, жылдар бойы жинаған төрт түліктен бір түнде көз жазып қалғандардың қатары күн санап өсуде. 

Сейдәзім ҚАЛДАРБЕКОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ, жылдар бойы жыр болған ұрылардың кейбірі ұсталса да темір торға тоғытылмапты. Қайта қаралған істері соңына дейін бармай жабылып та қалған. Түрлі істің тұманды аяқталуы біз үшін  күмәнді деп ашынады ауыл тұрғындары. 

Сабырғали РЫСБАЕВ – ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ал, ауыл әкімі болса, талай жиындар мен сессияларда бір емес, бірнеше рет айттық дейді. Кадр жетіспейді деген желеумен жауап қайтаратындар, ауыл тұрғындарының жанайқайына құлақ аспайтын секілді.

Болатбай ОШАҚБАЕВ – АҚҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Учаскелік полиция қызметі тек Аққұм ауылында ғана емес, өзге елді-мекенде де  жетіспейтін басты проблемалардың бірі екен. Ауылдағы ағайын  жергілікті биліктен қайран болмаған соң, облыстағылар өтінішімізге құлақ салар деген үмітте.  Әзірге, тұрғындар 4 түліктің амандығы .үшін түн ұйқысын 4 бөлуге мәжбүр.

Н.Сембеков, Ғ.Есенбаев

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...