ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АҚОРДАДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС БОЛДЫ

20:04, 22 шілде 2019

Бүгін Ақордада бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президент Жарлығымен Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. СЛАЙД 5 айдай уақыт Президенттің көмекшісі болған 41 жастағы шенеунік әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Аз уақыт Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымында болды. СЛАЙД Ал Президенттің көмекшісі әрі Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып Аида Балаева тағайындалды. 2014 жылдан бері ол Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарған еді. 45 жастағы мемлекеттік қызметші Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының ішкі саясат департаментіне басшылық жасап, 4 жылдай елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  

ЖАНАР САНХАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БӨЛІМІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Олардың тәжірибесі мол. Халықпен етене арласқан. Бұл тағайындаулар Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты жағдайды жеке қадағалауында ұстап отырғандығын айқындайды. Мемлекет басшысы билік пен халық арасындағы байланыс берік болуы тиіс дегенді үнемі айтып келеді. Жалпы осы шешімдер өзара сенімдікті нығайта түсері сөзсіз.

Сондай-ақ, Талғат Қалиев Президент жанынан жаңадан құрлған «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Талғат Бегімұлы бұған дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып қызмет атқарып келді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына енген. Айта өтейік, бүгін Мемлекет басшысы Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметін» құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Ал, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» өз жұмысын тоқтатты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар