ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ-МОБИЛЬДІК ТОП ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БАРДЫ

18:20, 11 шілде 2018

Биыл елімізде телерадиохабарларды таратуды цифрлық жүйеге енгізу жұмыстары басталды. Осы ақпаратты халыққа жеткізіп, түсіндіру мақсатында құрылған арнайы мобильдік топ бүгін Жамбыл ауданына барды.

Аналогтық телерадио хабар тарату жұмысы өз мәресіне жеткелі тұр. Қазір халық көріп отырған теледидарлардың басым көпшілігі цифрлық телесигналды қабылдай алады. Жамбыл ауданына барған ақпараттық топ мүшелері Гродиково, Бесағаш, Қаракемер, Жалпақтөбе, Тоғызтарау ауылының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді.

Төрегелді Көпесұлы,  ардагерлер кеңесінің төрағасы

2018 жылдың соңына дейін  Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары сандық телевизияға көшеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 827 радио, телеарна станциясын салу көзделіп отыр. Әлеуметтік жоба аясында қажеттілік көріп отырған отбасыларға әкімдік тарапынан қондырғылармен қамтамасыз ету қарастырылған. Цифрландыру жұмыстары алдағы екі-үш жылда толығымен аяқталады деп күтілуде.

Ерғани Иманбек , «Қазтелерадио» АҚ сату орталығының бас маманы 

Цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді. Астана мен Алматы қалаларында және облыс орталықтарында 30 арнаға дейін көруге болады. Бұрынырақ шалғай жатқан елді-мекендерде екі-үш қана арна көрсетілсе, енді олар 15-тен аса отандық телеарнаны жоғарғы сапада тамашалайтын болады.

ЖІБЕК ЖҰМАДІЛЛАҚЫЗЫ, САПАР СЕРІКҰЛЫ
 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...