Ақтөбе облысының Әулиеата өңіріндегі күндері басталды

19:56, 23 маусым 2017   407

Бүгін Ақтөбе облысының Әулиеата өңіріндегі күндері басталды. Осыған орай Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған ресми делегациясы халықаралық «Әулиеата» әуежайына келіп қонды. Арнайы сапармен келген қонақтарды жамбылдықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Биыл 18-19 наурызда Жамбыл облысының күндері Ақтөбе облысында өткізілсе, енді құт-береке дарыған батыс өлкесі Әулиеата өңірінің тыныс-тіршілікпен танысуға келді. Мұндай іс-шара өңіраралық байланысты нығайтып, экономикалық әріптестікті арттыруға бағытталған. Алғашқы болып Таразға келіп жеткен Ойыл ауданың өкілдері болды. Тараз теміржол вокзалында қонақтарды жамбылдықтар бауырмалдық ниетпен қарсы алды.

Бұлбұл Күзембаева, Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданының әкімі

Негізгі мақсат екі облыс арасындағы қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу. Бұл жақтағы жасалып жатқан жұмыстарды, көру, өзіміздегі жақсы жұмыстарды көрсету. Осы арқылы біздер Ақтөбе облысы бұған дейін де бірнеше облыстарда болып жүрміз. Бұл үрдіс біздің осы облысымыздың алдағы уақытта өркендеуіне өзінің бір септігін тигізеді деп есептейміз.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен «В to В» форматында кездесу өткізді. Жиын барысында өзара әріптестікті тереңдете түсу мәселесі талқыланып, ақтөбелік кәсіпкерлер аймақта өндірілетін тауарлардың ел экономикасына тигізер пайдасы мен импортқа шығарылу барысы жайында әңгімеледі.

Анар Даржанова, Ақтөбе облыстық  кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімін сату, оны нарыққа шығару, көгалдандыру саласы және ондағы тәжірибені жинақтау, соның ішінде ауылшаруашылық өнімін өңдеу саласына бізден қызығушылар көп болды. Алдағы уақытта осы құжаттардың нәтижесінде тауар өндірушілердің ары қарай тәжірибесі артып, олардың өнімінің сапасы, ассортименті кеңейіп, тұтынушыларға сапалы тауарларды жеткізеді деп сенеміз.

Ақерке Бектас, тілші

Кездесу соңында Жамбыл және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері бірқатар меморандумдарға қол қойды. Бұл алдағы уақытта екі өңір арасындағы бизнес әріптестікті, сауда-экономикалық байланысты дамытуға көмегін берері сөзсіз.

Сапалы өнімге сұраныс қай уақытта да жоғары. Ал, оның бағасы тұтынушыға қолайлы болса, бұл - арадағы дәнекерлікке оң нәтижесін тигізбек. Екі күнге жоспарланған бағдарламада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қос тарапқа да тиімді келісім-шарттар жасалады деп күтілуде. Ертең, 24 маусым күні Тараз қаласындағы орталық алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Онда Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, арзандатылған бағамен сатылады. Басқа да қызықты, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады   

Ақерке Бектас, Гаухар Рысбай, Асқар Әділ  «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40