ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АҚЫН РУХЫН АРДАҚТАҒАН КЕШ

20:41, 8 ақпан 2019

Ақиық ақын, хан тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Тараз төрінде әдеби – сазды кеш өтті. Оған Ертіс пен Сыр арасындағы байтақ өлкенің ақындары, өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер қауым жиылды.  Көңілдің көгіндегі сезімнің сөлін – ақ жауындай селдеткен ақынның тұма жырлары көпшілік жадында жаңғырып, Әулиеата аспанында ән болып қалықтады.  Жаңа ғана аяқталған мазмұнды кештен Аян Ермекұлының репортажы

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйытқы болған кеш - келген көрермен үшін толымды тарту болды.Айтыскерлер мен ақындар, зиялы қауым, Мұқағалидың баласы мен келіні және қалың көпшілік іс шараның мәні мен мазмұнын байыта түскендей.  Осынау кеште ақынның  сан алуан қыры, артты қалдырған ізі жан- жақты айтылды.

Бекболат Орынбеков   Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

Әдеби кешке жиылған көпшілік ақынымен қайта қауышқандай болды. Отты жырларымен оқырманның жүрегінен жол тапқан Мұқағали  ұрпаққа өшпес мұра қалдырған тау тұлға Іс-шараға алыстан ат терлетіп келген ел зиялылары да бүгін Мақатаевтың мол мұраларын тағы бір қайтара жұртшылыққа айтып шықты.

Бақыт Беделхан  Қ.Р жазушылар одағы төрағасының орынбасары

Әдеби сазды кеш тек өлеңмен өрнектеліп, естелікпен түйінделген жоқ. Мұзбалақ ақынның өмірінен сыр шертер қойылымдар қойылып, Мұқағалидың өлеңіне жазылған әндер Әулиеата аспанын тербетіп тұрды.

А.Ермекұлы   Т.Терлікбаев ж.қ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...