ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АҚЫНДАР АУЫЛ- АЙМАҚТЫ АРАЛАЙДЫ

15:03, 2 мамыр 2019

Жамбылдық жас ақындар жаңа жобаны қолға алмақ. Енді мамыр айынан бастап олар аудандарды аралап, жыр керуенін ұйымдастыратын болады. Бұл туралы облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханасында өткен басқосуда айтылды.

Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының  ұйытқы болуымен өткен шарада алдымен Республика көлемінде танылып жүрген ақындар сөз алып, шараның маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, жастар жылы аясында шығармашылық ізденісте де жаңашылдық танытылуы керектігі  баса айтылды. Бұдан бөлек, Дидар Амантайдың жамбылдық жас ақындар шығармашылығы жайлы жазған мақаласы талқыланып, одақ филиалымен облыс әкімдігі мәдениет басқармасымен қатар жастар саясаты басқармасы арасындағы рухани байланыс нақтыланды. Сондай - ақ, жиын соңында ақындар өлеңдерін оқып, өңірлерге ат басын тіреуді сөз етті. Енді жамбылдық жыр дүлдүлдері әр айда бір ауданға сапар шегіп, жырдан шашу шашатын болады.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ   АҚЫН

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар