Ақынның шығармашылығы дәріптелді

22:30, 17 сәуір 2017   249

Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына байланысты бүкілхалықтық оқуға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынған болатын. Осыған орай, бүгін  Шоқан Уалиханов кітапханасында онлайн вебинар болып өтті.

 «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы саналатын  ақынның сан қырлы және әртүрлі жанрға бай мұрасы қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі. Онлайн вебинар «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында өтіп отыр.

Жанат Жетпісбаева, Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі

Елбасының кеше ғана жарық көрген мақаласында айтылған. Біз әрбір ақынымыз бен ғалымдарымыздың шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу керекпіз деп. Жастар ақынның бай шығармаларымен танысса, білсе.

Елі үшін өмір сүрген кемеңгер тұлғаның рухани ұлттық мұрасын  жастар арасында кеңінен насихаттауда кітапхананың атқарар маңызы өте зор. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм аудандарынан онлайн қосылған кітапхана қызметкерлері ақының өлеңдерінен үзінділер оқыды.  

Ақынның өшпес бай  шығармашылығы бүгінгі ұрпаққа мол мұра дейді ұйымдастырушылар.

 

Шырайлым Болатбекқызы, Ерболат Дәулетәлі, «Жаңалықтар қызметі» 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40