ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АЛАҚАНДАЙ АУЛАДАН ҚАЛАЙ ТАБЫС ТАБУҒА БОЛАДЫ?

18:32, 12 шілде 2019

Үй іргесіндегі шағын ауланы тиімді пайдаланудың жолы қандай? Оны Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны Қыдырбек Әбдімәліков жақсы біледі. Есігінің алдындағы кішкентай жерді бау-бақша етіп жайқалтып, қосымша құс шаруашылығымен айналысатын еңбек адамы жөнінде келесі бейнематериалда.

Таластық Қыдырбек Әбдімәліков өз үйіндегі қосалқы жерді бірден бір табыс көзіне айналдырып отырған жан. Ол шарбағындағы 25 сотық жерге қияр, қызанақ пен сәбіз еккен. Ал, шағын қорасына мал байлап, одан қалды құс шаруашылығымен де айналысады. Былтыр алған бірнеше үндік биыл балапан басып, құстың саны қазір 100- ден асты. Ерінбей еңбек ету үшін адамда ниет әрі ертеңгі күнге деген сенім болса болғаны дейді шаруа.

Қыдырбек ӘБДІМӘЛІКОВ ҮШАРАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қарапайым заттар экономикасын дамытып, ауылды жерде қосалқы шаруашылықтарды құру бағытындағы жұмыстар облыста қарқынды түрде жүргізілді. Осының арқасында қазір халық пен билік арасында нақты түсінік қалыптасып келеді.

Рақымжан АЙТУОВ ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Үй іргесіндегі алақандай ауладан табыс табуға ниеттеніп отырған Таластықтар саны күн санап артып келеді. Алда, оларды несиелендіру, кооперативтерге біріктіру секілді маңызды жұмыстар күтіп тұр.  Қарапайым заттар экономикасы бағытындағы жұмыстар аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың өңірді дамытуға арналған басым бағыттарының бірі.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...