ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«АЛАС КҮНІНДЕГІ» ІЗГІ АМАЛДАР

15:02, 18 наурыз 2019

Әулиеата өңірінде  Наурыз мерекесі 9 күн тойланып жатқаны белгілі. «Алас күнінде»  ізгі амалдар орындалып, айнала күл-қоқыстан тазартылды, мыңдаған түп ағаш отырғызылды. Бұл күні барлық мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар, жеке компаниялар мен өзге де бірлестік өкілдері жаппай сенбілікке шығып, игілікті іске атсалысты.

Бұл Ниетқалиев көшесіндегі сквер. Талай жылдан бері қараусыз қалған аумақ былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында адам танымастай өзгерді. Шаңы шығып жатқан жерге тас жол төселіп, ретсіз өскен ағаштар кесілді. Ал осы көктемде, «Алас күнінде»  бұл жерге 100 түп боз арша отырғызылды.

Бұл күні қаланың барлық аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мыңдаған түп көшет облыс орталығындағы ірі зауыттар маңайында да отырғызылды.

Өндіріс ошақтары шоғырланған бұл аумақ келешекте жасыл желекке айналады. Дәл қазір мұндағы қураған ағаштар кесіліп, тазартылуда. Бұл жерде 4000 түп ағаш отырғызылды. Мұндай ізгілікті іс алдағы уақытта да жалғасады, дейді шенеуніктер.

Мыңдаған ағашты келешекте күтіп-баптау жұмыстарына «Жасыл ел Тараз» мекемесі жауапты.  Көшеттерді уақыты суғару үшін мұнда су жүйесі де тартылған.

Мұратхан ШҮКЕЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тараз қаласындағы  жаппай сенбілікте бас-аяғы  7600 түп көшет отырғызылды. Аталған іс шараға 11 мыңнан астам адам қатысты. Арнайы техникалардың көмегімен 200 тоннаға жуық күл қоқыс шығарылып, аулалар тазартылды.

А. Тілеуханқызы, Р. Бегалы, «Жаңалықтар қызметі»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...