ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ ҺӘМ СОҢҒЫ САЯХАТ

20:06, 22 шілде 2019

Көкшетау қаласындағы «Жас құтқарушы» республикалық жарысына барған меркілік Мұхаммед Коликовтің үйіне өзі емес, мәйіті жеткізілді. «Бурабайдағы өзенге батып өлді» деген суыт хабарға ата-анасы мен туыстары сенбей отыр. Балаларының қазасы қабырғасын қайыстырған отбасы оның өліміне қатысты істің әділ шешілуін талап етуде. 

Оқиға былай өрбіген: Үш күндік сайысты сәтті аяқтаған оқушыларды ұйымдастырушылар Бурабайға апарып, бой жаздырмақ болыпты. Алайда, дәл сол күні 16 жастағы жеткіншек суға батып кетеді. Ал марқұмның анасы ұлын өзге біреулер соққыға жығып, денесін көлдің жағасына лақтырып кетті деп топшылайды.

САИДА КОЛИКОВА / Марқұмның анасы

/Қайда жүрді тренер? Шешелер балаларын бергенде өзіне жауапкершілік алды ғой. Балаларды құшағына алу керек. Қалай сізге айтам. Алақанымда сақтаған балам./

Мұхаммедтің туыстары өмірінде суға түсіп, жүзіп көрмеген бала жардан секіріп, шомылды деу ақылға симайтынын айтады. Ал мәйітхана мамандарының өкпесінде 1 грамм су бар деп куәлік беруі күдіктерін күшейткен. Тіпті олар екі күн кешіктіріп жеткізілген денесін жуғанда, жазатайым жағдай емес екендігіне көз жеткіздік, - дейді.

МАРИФ МАТЛЯПОВ /Марқұмның ағасы

/Денесін жуғанымызда түрлі дене жарақаттары болғанын байқадық. Мойны үзілген. Құлағы мен басы жарылған. Желке тұсында бір жарақат бар. Оны шашымен бірге білдірмей тігіп жіберген. Қабырғалары сынған.

Меркі аудандық білім бөлімі мамандары бұл оқыс оқиға деп отыр.

ҰЛАН ЖҰМАТАЕВ /Меркі аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

/Бұл енді жазым ғой. Ол жерде жалғыз біздің балалар емес, барлық республиканың балалары шомылып жатқан. Сол кезде ана бала каким то оброзом тыс шығып кеткен бе сондай болған. Батып кеткен ғой енді былай қарағанда. Бәрі шомылып жатқан, батып кеткен/

Марқұмның туыстары, бұл жазатайым оқиға екенін сенбейді, сондықтан медициналық сараптама жұмыстарын жасатуды ұйғарып отыр. Айта кетейік, қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары Ақмола жерінде жүргізіліп жатыр.

Қымбат Қаржауқызы, Дәулет Нұрмахан, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар