ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕҢІЗ, БОРЫШКЕР!

19:44, 18 қазан 2019

 

Өңірде 1056 балаға алимент төленбей жүр. Жауапкершіліктен бұлтарған борышкерлер саны күн санап артуда. Дәл осылай дабыл қаққан қалалық прокуратура өкілдері уәкілетті органдармен бірге алимент өндіру және заңдылық тәртіпті қадағалау мақсатында жиын өткізді. Толығырақ тілші материалынан.

Келелі кеңесте міндеттерінен қасақана жалтарып жүрген борышккер әкелер саны бірнеше мыңнан асып жығылатыны айтылды. Мәселен, облыс бойынша жауапсыз әкелер саны 13 920 болса, ал Тараз қаласы бойынша олардың саны 640 мыңға жеткен.  Айталық қыркүйек айында 10 күн ішінде 11 борышкерге қатысты әкімшілік іс-қозғалып, нәтижесінде 8 адам қамаққа алынып, одан бөлек 3 жауапкершілігі жоқ әкеге әкімшілік айыппұл салынған. Отбасылық кішігірім даудан, үлкен мемлекеттік мәселеге айналып отырған  бұндай кикілжіңдер қоғам мен  бала тәрбесіне де кері әсері орасан зор.


НҰРСҰЛТАН ТІЛЕШОВ-ҚАЛА ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ


Биылғы жылдың өзінде алимет төлемеу фактілері бойынша  біршама өтініш тіркелген. Соның бірі Райхан Төлеубаева . 2016 жылдан бастап екі қызымен қалған жалғыз басты ана жолдасынан қажетті шығынды талап еткен. Алайда бастапқы мерзімде қажет қаражатты төлеген борышкер,  кейіннен өз міндетінен жалтарып кеткен.


РАЙХАН ТӨЛЕУБАЕВА-АЛИМЕНТ ӨНДІРІП АЛУШЫ


Жауаптылардың айтуынша, борышкерлердің өз міндеттерінен жалтаруына басты себеп-жұмыссыздық.  Ал, жұмыссыздық санын арттырып отырған  алимент төлеушілердің-жауапсыздығы мен жалқаулығы. Бұл бүгінгі қоғамның басты індеті болып отыр.  Сондай-ақ, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында  қала көшелеріне  арнайы билбордтар ілінсе, ЛЕД экрандардан отбасылық  видео жазбалар көрсетіліп жүр. Жүйелі жұмыс алдағы уақтта оң нәтиже берер деген үміттеміз.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
20:45, 18 қараша 2019
МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...