Алимент төлеу қарыз емес –парыз!

14:40, 6 желтоқсан 2017

Қоғамдағы шешімін таппай отырған өзекті мәселеленің бірі алимент төлеудан қашып жүрген әкелердің көбеюі. Бұл тұрғыда қазір облыста «Алимент төлемеуге қарсы 30- қадам» атты іс-шара жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты борышкерлерден миллиондаған теңге қарызды өндіру.

Мәселен: Меркі аудандық прокуратурасымен осы бағыттта жыл басынан бері 14 әкімшілік іс қозғалған. Алайда, бүгінгі таңда прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылар арасында бірлескен жоспар жасалды. Өзекті мәселенің бірі борышкерлерді жұмыспен қамту болатын. Үстіміздегі жылдың 10 айында Меркі ауданында 12 адам жұмысқа орналастырылған.

Нұрбек Ұласбекұлы, Меркі ауданының прокуроры

Бүгінде медиативті институт жұмыс істеуде. Оның ерекшелігі алимент өндірушілер мен борышкерлер арасында өзара келісім жасап, өздеріне ыңғайлы уақытта төлеуді белгілеу. Жыл басынан бері Меркіде алимент төлемегендерге қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған

Мойынқұм ауданында да осыған ұқсас жағдай. Жыл басынан бері 5 әкімшілік іс созғалып, ұзақ уақыт төлемей жүрген азамттардан 5 млн. теңгеден астам алимент өндірілген. Алайда, қарыз мұнымен шектелмейді. Ауданда әлі де миллиондаған қарызы бар тұрғындар бар. Олардың қатарында жұмысы, тіпті жағдайы барлар да бар. Бірақ, алимент төлеуге келгенде бастарын ала қашады.

Айнұр Кененбаева, Мойынқұм аудандық прокуратурасының аға прокуроры

Мәселен: бір борышкеріміз бар. Жағдайы жеткілікті. Себебі адам тасмалдаумен айналысады. Бірақ, төлемейді. Біз оны прокуратураға шақырып, түскен арызды көрсеткенде ғана іске кіріседі. Борышкерлер жауаптылықпен қараса дейміз

Алимент төлеу қарыз емес –парыз. Сондықтан да бұған әр борышкер асқан жауаптылықпен қарау керек. Алимент төлемеген азаматтармен күрес алдағы уақытта бұдан да күшейтіледі дейді прокуратура өкілдері.

Айбол Қарашев, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар