ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АЛМАТЫҒА АЛЫС - ЖАМБЫЛҒА ЖАҚЫН

19:06, 10 қазан 2019

 

Алматыға алыс Жамбыл облысына жақын  жұрттың көптен бергі талап-тілегі орындалды. Үкімет қаулысымен Алматы облысындағы Жамбыл ауданының мың гектардан астам жері Жамбыл облысындағы Қордай ауданына қосылды. Бұған дейін әкімшілік кедергілерге тап болып жүрген тұрғындар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек. Шаттыттыққа кенелген шалғай елді мекеннің тұрғындарымен Сәбит Әлдебай сұхбаттасты.

Оразхан Ақпантаева «әскери сохвоз» аталып кеткен  ауылда  жетпісінші жылдардан бері тұрады. Содан бері үйінің құжатын жасай алмай келеді.  Жүзден астам түтіні бар елді мекен бұған дейін нақты бір әкімшілік аумақтың құрамында болмаған. Алақандай ауылдың жартысы Жамбыл жартысы Алматы облысына өтіп кеткен. Зейнеткер құжат алу үшін 150 шақырым жерге талай сабылдық дейді.

ОРАЗХАН АҚПАНТАЕВА  ОТАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ қазір ешқандай құжатымыз жоқ біздің, құжатсыз отырмыз,үйіміздің доументі жоқ. Көп қиналдық. Алматы облысына барсақ олар айтады біздің територияда емессіңдер дейді. Жамбылға барсақ олар да айтады. Екі ортада тұрғын ауыл болатынбыз. Енді жақсы, мәселе шешіліп отыр.

Ауылдың барлық мәселесі мұндағы тұрғындарға ортақ. Жарық пен суға  кететін шығын жан басына есептеледі. Мемлекет игілігіне қолы жетпеген тұғындар инфрақұрылым мәселесін де өзара шешіп келген.

БАТЫРХАН АҚПАНТАЕВ ОТАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ светіміз де ешкімге қарамайды. Жекешеміз. Бұзылса өзіміз жөндейміз. Суымыз да сол. Воен совхоз ешкімге қарамайды. Пропсика отардамыз. Суды өзіміз жөндейміз, потериясын өзіміз төлейміз.

Жамбыл облысына  1090 гектар алқап пен бірге бірқатар нысан өтіп отыр. Отардағы «Гвардейский» әскери гарнизоны мен  оқу-жаттығу полигоны сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зертеу институтының ғимараты бар. Енді Қордай ауданына қарайтын бұл елді мекендегі қордаланған мәселелер кезең кезеңімен шешіледі дейді мамандар.

АҚЖОЛ КАРИМОВ ОТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Жер мәселесі шешілетін болды. осы күнге дейін құжаттарын рәсімдей алмай келе жатқан ауыл тұрғындары қиналып келген мәселе шешілетін болды.Құжаттарын қолдарына алатын болды. Үлкен жақсылық қуаныш болып жатыр ауылымызда.Су мәселесі бар, свет мәселесі бар бәрі шешілетін болады.

Қазір Жамбыл облысының аумағы 144 264 шаршы шақырымға жетті. Осылайша жаңа аумақ қосылған соң  облыстың жер көлемі  145 355 шаршы шақырымға ұлғайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар