«Алтын асық» бағдарламасы іс жүзінде

22:30, 1 наурыз 2017   500

Қой басы санын арттырып, ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту үшін «Алтын асық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәселен: өткен жылы бір ғана Талас ауданында осы жоба арқылы 24 шаруашылық 16 млн. теңге көлемінде несие алған.

Талас ауданы Сәду Шәкіров ауылының тұрғыны Сәкен Әбітаев өткен жылы «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 10- млн. теңге несие алып, ол қаражатқа 500- бас қой сатып алды. Бұрын азын аулақ малын қалай көбейтсем деген еңбек адамдары үшін жаңа жобаның тиімділігі зор.Осының арқасында ауылды жерде мал шаруашылығымен айналысушы азаматтардың саны көбейіп келеді.

Сәкен Әбітаев, еңбек адамы

Ауылды жерде қой басы санын арттырудамыз. Өздеріңіз білетіндей жеріміз кең. Қой малын асырауға өте қолайлы. Осылай қазақтың кең даласын малға толтырсақ дейміз

Әрине, бір кездері қой шаруашылығы мықты дамыған Сәду Шәкіров ауылында қазір де төрт- түліктің осы түрі артты.Сонымен қатар қой өсіру үшін ауылыдың жері де қолайлы.

Айбол Қарашев, тілші

Бұл ауыл маңындағы Дала жайлауы. Мұнда мал шаруашылығымен айналысатын еңбеккерлер отырады. Мұнда шаруалар үшін өте қолайлы. Өйткені жусанның жеті түрі өседі. Ал, жусан жеген малдың еті тәтті әрі емдік қасиеті де жоғары

Самат Жекебаев, қойшы

Жұмысымыз бір қалыпты. Осында қой бағамын. Айлығымызды беріп тұрады. Электр жарығы бәрі бар мұнда

«Алтын асық» бағдарламасы арқылы несие беру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Оны алуға қазір ауылдың өзге де шаруашылықтары ниет білдіруде. Бүгінде Сәду Шәкіров ауылында 20- шаруақожалық нақты қой шаруашылығымен айналысып отыр.  Демек, жуырда олардың саны тағы да көбейуі мүмкін.

 

Айбол Қарашев, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40