ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ

21:01, 12 маусым 2019

Биылғы оқу жылын Тараз қаласы мектеп бітірушілерінің 59-ы «Алтын белгімен» тәмамдап отыр. Осы оқу озаттарын бүгін қала әкімі Қайрат Досаев «ARAI PLAZA» бизнес орталығында салтанатты түрде марапаттап, төсбелгілерін табыстады. Келешегінен зор үміт күттіріп, ел ертеңіне айналатын жас түлектердің болашағына сәттілік тіледі.

Салтанатты жиында қала әкімі үздік түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, алғыс хаттары мен төсбелгілерін тапсырды. Айта кетейік, Тараз қаласында биыл 2144 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам баспақ. Олардың қатарында 48 мектеп бітіруші үздік аттестат иегері атанса, 59 шәкірт «Алтын белгі» иегерлері. Қайрат Досаев олардың алдағы өмір жолына сәттілік тілеп, ақ тілегін арнады.

Қайрат ДОСАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бір қуанып, бір толқыған түлектер үшін бүгінгі күн әсте ерекше. Әдемі естелігімен де есте қалары сөзсіз. Олар 11 жыл білім нәрімен сусындатқан мектептерін, балғын балалықтарын қимағанмен, болашақтарына зор үмітпен қарайды.

Әйгерім АЙТЖАН, ЖАС ТҮЛЕК

Салтанатты шара барысында түлектер ант беріп,  қуаныштарына ортақтаса келген ата-аналары мен ұстаздар қауымына алғыстарын жаудырды.

Мерекелік кеш соңында «Алтын белгі» иегерлері қала әкімімен естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, өздеріне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Руслан САНДЫБАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...