ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛУДА

13:49, 24 мамыр 2019

Білімгерлер үшін тағы бір оқу жылы артта қалды. Енді орта мектепті тәмәмдаушыларды  Ұлттық Біріңғай Тест сынағы күтіп тұрса, оқушылар үшін үш айлық қызықты демалыстары басталады. Бұл уақытта барлық мектептер  қалыпқа келтіріліп, ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты  Жалпақсаз ауылының оқушылары жаңа оқу жылында  жаңа ғимаратқа оралып, сабақтарын жаңа мектепте жалғастыратын болады. Толығырақ тілшіміз тарқатады.              

Жалпақсаз ауылындағы  бастауыш мектептің дәл қазіргі жағдайы еш  сын көтермейді. 1960 жылдары соғылған ескі нысанның әбден тозығы жеткен. Қабырғалары жарылып, едендері мен есіктері сықырлап тұр. Балалар осы кезге дейін  аядай екі бөлмеде, екі ауысымда сабақ оқып келді. Апатты жағдайда тұрған бұл оқу орнына енді заман талабына сай 50 орындық жаңа мектеп бой көтермекші. Ол үшін былтыр қазына қоржынынан 320 миллион теңге бөлініпті. Қазір мұнда қызған жұмыс.   

Әділбек ӘБДІРАШОВ / «ҚҰРЫЛЫС ТЭД» ЖШС-НІҢ ПРОРАБЫ/

Құрылысы қызу жүріп жатқан бұл нысан жаңа оқу жылына дейін салынып бітпек. Оған әрине мектеп оқушыларынан бастап, мұғалімдер де қуанышты.

Жұлдыз ТҮТЕНОВА   /БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ/

Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша апатты және  үш ауысымдағы барлығы өз шешімін тауып отыр.  Мәселен 2015 жылы «Ақ Ниет» ауылдық округі мен 2016 жылы Әбжапар ауылындағы апатты мектептер орнына жаңалары салынса, тағы да бір оқу орны күрделі жөндеуден өтіп, кеңейтіліпті.     

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ АСҚАР ӘДІЛ. «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
19:05, 20 қыркүйек 2019
СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...