ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АПТАП ЫСТЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ

19:40, 16 шілде 2019

Аптап ыстық әлі басылмайды. Алдағы күндері Жамбыл облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін  көтеріледі деп  күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, мұндай аптап  18 шілдеге дейін жалғасады. Одан кейін сынап бағанасы біршама төмендеуі мүмкін. Шіліңгір шілденің 1 күнін бағамдап қайтқан тілші бейнесюжеті.

Міне, сынап бағанасы 35 градусты көрсетсе, кей жерлерде 40 қа дейін көтеріліп тұр. Әзірге тұрғындардың көбі өзен-көлдердің жағасын сағаласа, енді бірі субұрқақтарының айналасын паналауда. Әсіресе, бұл балалар үшін қызықты. Ал, қызметкерлер мен автожүргізушілері салқындатқыштардың көмегімен жан бағып жүргенін айтады.  

Душты жиі қолданамын, кешкі серуенге көп шығамын

Мен мұнда жақында келген едім, салқын жақтан, күн өте ыстық расында. Сұйықтық көп пайдаланамын.

Аптап ыстықта адам ең бірінші өз жағдайына, көңіл-күйіне мұқият болғаны абзал. Себебі, дәрігерлер шамадан тыс күн сәулесі денсаулыққа зиян екенін ескертеді. Сондай-ақ, ыстық күндерде табиғи матадан жасалған жеңіл әрі кең  киім киюге және бастарыңыздан қалпақ тастамауға кеңес береді.

Зейнеткерлер үйде отырамыз. Салқын су ішеміз, көшеде қолшатырмен жүреміз. Балаларды бассейнге апарамыз.

Салқын душ арқылы қорғанып, шомылуға жиі барып жүрмін. Желдеткіш қосамын үйде.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Зербұлақ» көлінің маңы нағыз демалыс аймағына айналды деуге негіз бар. Өйткені, мұнда келушілер саны арта түскен. Тынығып, демалуға келген халықтың қауіпсіздігін сақтау – маңызды, сондықтан бұл міндет құтқарушы мамандарға жүктелген. Шоқан Кенжеғұлов ыстық күнге қарамастан, формасын киіп, қайыққа отырып, күніне бірнеше рет көлдің жан-жағын барлап қайтады.

Шохан КЕНЖЕҒҰЛОВ / ҚҰТҚАРУШЫ

Сарапшылардың пікірінше, аса бір қажеттілік болмаса, сағат  күндізгі 11 мен 17:00 шамасында көшеге шықпаған жөн. Себебі, тура осы уақыт аралығында күннің қызуы арта түседі. Сонымен қатар, жеңіл тағамдар пайдаланып, жеміс-жидек пен көкеністерді көбірек тұтынған ләзім. Және күніне 1,5-3 литр су ішкеннің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Аптап ыстықтың әлі біраз күнге созылатынын айтқан синоптик мамандары алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар