ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

19:00, 11 ақпан 2019

Ауған соғысы ардагерлері өңірлерді аралап жас буын өкілдерімен  кездесулер өткізуде. Батырлардың басқосуы Байзақта да болды. Ауданға қарасты Жетібай ауылының оқушылары ауған соғысы ардагерлерін концерттік бағдарламамен қарсы алды. Өз кезегінде ел ағалары жас буынға  бойдағы отансүйгіштік қасиетін оятып, әсерлі  әңгімелер айтты.  

Мектеп оқушылары ардагер ағаларды құрметпен қарсы алып, атаулы күндерімен құттықтады. Әуелі ауған жерінде шейіт болған азаматтарға  бір минут  үнсіздік жарияланды.  Артынан мектеп түлегі әрі  соғыста ерлікпен қаза тапқан Қайрат Сүлейменовтың естелік тақтасына гүл шоқтары қойылды. Білім ошағының ұжымы дайындаған мерекелік кеште өрендер өнерлерін ортаға салды. Балғындар патриоттық тақырыптағы әндерімен, өлеңдерімен тамаша қойылымымен жиылғандарды тебірентті.

Дүкенбай ЕРМЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АУҒАНСТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ҚОҒАМЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ

Бұл соғыс жарияланбаған, ойыннан өрт шыққан соғыс. Бұл Америкамен Кеңестер одағының сол кездегі өздерінің қару жарақтарын тексеру мақсатында болған соғыс деп айта аламыз.             Халыққа, елімізге рахметімді айтқым келеді. Мерекеден мереке бола берсін. Елімізде соғыс болмасын. Тыныштық болсын деп тілеймін.

Кеңестіктер үшін 10 жылға созылған қан майданға Жамбылдан  2000-нан аса жауынгер аттанды. Елге  тек тең жартысы  аман оралды.. Соғыс  ардагерлерімен кездесуден көпшілік алған  әсеріміз  ерекше дейді.

Жүсіп ӘДІЛБЕК МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ  

Біз ауған соғысына қатысқан ардагерлерді көрдік. Олар өз кеуделерін оққа тосқан азаматтар. Біздің Қайрат Сүлейменов атамыз сол соғыста қаза тапқан. Мен өскенде Отанымды қорғауға әскерге барамын. Менде сол аталарымыз сияқты елімді қорғаймын.

Тағылымы мол жүздесуде ардагерлер жас өрендерге қанды қырғынның қиындығын айтып, заманның қиын кезеңін ұғындырды. Еліміздегі тыныштық пен татулық біздің ең үлкен байлығымыз екендігін де жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...