ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

АРХИТЕКТУРА МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

19:21, 11 шілде 2019

Жамбыл облысында 140 нысан сейсмикалық қауіпті деп анықталған. Қазіргі таңда,  қауіпті деп танылған 140 нысан қайта нақтылануда дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов.

Жамбыл облысының сейсмотұрақтылығы 7 балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтар Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары және Т. Рысқұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандарын қамтиды. Әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық бағыттағы сейсмикалық тексеруді қажет ететін нысандарды анықтау мақсатында нысандардың техникалық жағдайын, сейсмикалық төзімділігін зерделеу нәтижесінде 140 ғимарат анықталған көрінеді.  

Дәулет Досанов – Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы

Дегенмен, Жамбыл облысында сейсмикалық қауіп төніп тұр деп аса қорқудың қажеті де жоқ.  Сондай-ақ, Дәулет Іңкәрбекұлының айтуынша, бүгінде 362 елді мекен бас жоспармен және оңайландырылған нұсқасымен қамтылған. Ал 15 елді мекеннің нұсқасы әзірленбеген.

Дәулет Досанов – Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы

Бұдан бөлек, аймақ бойынша автомобиль жолдары, көшелердің бойында орналасқан сауда орындары мен дүңгіршектерге зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде - 109 сауда дүкені санитарлық-техникалық талаптарға сай болмай шыққан.

К.Шәмші, Т.ТерлікбаЙ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар