ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АРТЫҚ ШЫҒЫННЫҢ СҰРАУЫ

15:31, 17 маусым 2019

Жарысқа барамын деп істі болған.  Қол күресінің аға жаттықтырушысы  халықаралық додаға қатысушылардың құжаттарын заңды рәсімдеген. Алайда жарысқа барған спортшылардың саны құжатпен сәйкес келмейді. 8 спортшы барған додаға,14 азаматты көрсеткен. Осыған байланысты, дене шынықтыру және спорт басқармасының жалған құжат дайындаған лауазымдық тұлғасына қатысты  қылмыстық істі қарау бойынша кеңес өткізілді.

Аталған мәселені  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы  өкілдері  тексеру барысында анықтаған. Халықаралық додаға кеткен шығын құжатта 20 млн теңге деп көрсетіліпті. Қазіргі таңда жаттықтырушының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 189 бабының 3 тармағы  және 385 бабына сәйкес  мемлекет қазынасына нұқсан келтіргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған азаматтың әрекеті әріптестеріне сабақ болсын деген ниетте департамент басшылығы түгелдей спортшылар мен басшыларды жинады. Кездесу барасында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланып, белсенді түрде жұмыла күресуге шақырды.

Жаннұр ТАСҚҰЛОВ  -  ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ  ДЕПАРТАМЕНТІнің  ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар