ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АРЫС ҚАЙТА ТҮЛЕП КЕЛЕДІ

19:15, 19 шілде 2019

Арыс қайта жаңғырып келеді. Қазақ елі жұдырықтай жұмылып, 44 мың халықтың тұрақты мекені түлетуге күш салуда.

Арыста Әулиеаталықтар да  нәтижелі жұмыс көрсетуде. Күннің аптап ыстығына қарамастан 500-ге жуық құрылысшы 50-ден астам тұрғын үйді пайдалануға берді. Әулиеаталық құрылысшылар мен арнайы штаб жұмысшыларына Арыстықтардың айтар алғысы шексіз.

Арыс қаласындағы  11 көше.  Оның бойындағы 312 баспана. 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан. Осыныңның бәрін  іші-сыртын бүтіндеу, қирап қалғанын қайта тұрғызу жамбылдықтарға жүктелген жұмыс. Мәселен, су жаңа үйге қайта көшкендей күй кешіп отырған Райхан әже. Ескі үйінің жөнделіп, жаңарып қалғанына дән риза.

Райхан Дәрменова / Арыс қаласының тұрғыны

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 4 құрылыс компаниясының 500-ге жуық жұмысшысы, 21 техника жұмылдырылып отыр. Ауа-райының қатты ыстық деп құрылыс жұмыстарын тоқтатуға болмайды. Әр жұмысшыға артылар міндет үлкен.

Азамат Ошаев / Жұмысшы

Бүгінгі таңда құрылысшылардан бөлек, ерікті жастар тобы да қолдан келгенше көмек көрсетуде. Арнайы мамандар жарылыстан зардап шеккен барлық нысандарды толығымен белгілеп қойған. Енді алдағы уақытта сапалы әрі жылдам пайдалнуға беруді жоспарлап отыр.

Еркебұлан Дауылбаев / Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Құрылыс заттары  күнделікті тасымалданып, жұмыс үздіксіз жүріп жатыр.  Осылайша Арыстың түлеуіне Әулиеаталықтар да өзіндік үлес қосуда.

Данияр Асқарұлы Қасымжан Байкүшіков

Өміртай Ыбырай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар