ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӘУЛИЕАТАДА ДЕМАЛУДА

19:33, 17 шілде 2019

Арыс қаласының балалары Әулиеата өңіріндегі сауықтыру лагерлерінде демалуда. Апатты қаладан алысқа, мамыражай табиғат аясына келген олар   біріншіден, уақытын тиімді өткізсе, екіншіден, ата – аналарының да қолын ұзартуға сеп болып отыр.

Қазіргі таңда Арыстан келген оқушылар Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында жазғы демалыстарын жалғастыруда. Тілшіміз Аян Ермекұлы тау бөктерінде, табиғат аясындағы лагерлерге барып қайтқан еді.

Арысқа көмек – азаматтық міндетке айналды. Ел жұмылды, үкімет назар аударды. Балалар да назардан тыс қалған жоқ. Жарылыстан соңғы қалада жабырқамас үшін, жан – жаққа демалысқа жіберіліпті. Ал, Әулиеата өңірінде қазірдің өзінде екінші ауысыммен келіп үлгерген.

Ұлан ЖҰМАТАЙ АУДАНДЫҚ  БІЛІМІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Арыс балаларына бірнеше ауданнан таңдаулы демалыс орындары бөлінген. Бүгінде, «Болашақ»  лагерінде 107, «Тау самалында»-  42, «Ә.Молдағұлова» лагерінде - 16,«Кооператор» мен «Бәйтеректе» 27 бала бар.

Аян ЕРМЕКҰЛЫ   жалпы Жамбыл облысына Арыс қаласынан осы күнге дейін бас-аяғы 223 бала жөнелтілген....

Сондай-ақ, Меркі шатқалында  орналасқан Жұлдыз жазғы сауықтыру орталығына  да  31 бала барыпты. Мұндағылар адағы күндері арнайы келісім-шарттар жасалса әлі елу бүлдіршінді  қабылдауға әзірміз дейді.

Арай ТӨЛЕПБЕКОВА  ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ

Демалуға келгендер сапында  Сымбат  пен Заңғар есімді жеткіншектер де бар. Жаңа достармен бірге жайлы табиғаттағы жазғы демалыс олардың да көңілінен шыққан секілді. 

Сымбат  СӘДУАҚАС ОҚУШЫ

Заңғар  ЛЕСБЕК  ОҚУШЫ

Арыстық балаларға тарту жалғасады. Облыстағы жоғарғы оқу орындарымен бірлесе тағы  100 балаға демалыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олар үшінші маусымға келетін болады.

А.Ермекұлы, Н.Құдияр    «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...