ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:32, 17 маусым 2019

Бүгін алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.  Оған 34 мәслихат депутатының 27-сі қатысты.

Сессияда Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов мемлекет басшысы жолдаған хатты оқып берді. Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады. Мемлекет басшысынан келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының  87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына  Асқар Исабекұлы Мырзахметов кандидатурасын қарау ұсынылған. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан  Асқар Мырзахметовты қолдап, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады. Өз кезегінде, қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі  Мемлекет басшысы мен Мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар