ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«ASPARA FASHION WEEK» СӘН АПТАЛЫҒЫ ТАРАЗ ТӨРІНДЕ

19:37, 17 қазан 2019

 

 «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы Тараз төрінде. Халықаралық сән саласының саңлақтары өз киім үлгілерін көпшілікке паш етуде. Оның ішінде отандық дизайнерлердің еңбегі жоғары бағалануда.

Сән  апталығында  Еуропа мен Азия елдерінен 20-ға жуық дизайнердің туындылары ұсынылуда. Көрсетілімге түрлі киім үлгілерінің дамуына қызығушылық танытатын тұрғындар, оның ішінде алыс-жақын шет елден арнайы келген қонақтар көп болды. Олар мұндай мәдени кеш сәнгерлердің шығармашылығын шыңдап, әр дизайнерді жаңа идеяларға шабыттандыратыны анық. Бұл сән апталығы Тараз қаласында осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Көптің көңілінен шыққан туындыларды шет елдік мамандар келер жылы Еуропа да өтетін сән салтанатына шақыруда. Олардың арасында отандық дизайнерлер де бар.

Айдин Ачик / Дизайнер /Германия/ Мен өзім негізі Түркиялықпын. Бірақ қазіргі уақытта Амстердам да тұрамын. Еуропа фэшн, Азия фэшн ұйымдарында жетекшілік етемін. Менің сән коллекциямда ерлерге арналған киім үлгілері бар. Басқа да сән үйлерін, үздіктерді келер жылғы шараға қаысуға шақырамын.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...