ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

20:59, 16 мамыр 2019

Әлемдік экономиканың өсу қарқыны 3,6 пайызға дейін төмендеп кетті. Биыл бұл көрсеткіш одан да кемиді деген болжам бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен Елордаға жиналған саясаткер, сарапшылар осы және өзге де әлемнің өзекті проблемаларын талқылады. Бүгін Нұр-сұлтан қаласында жыл сайын дәстүрге айналған Астана экономикалық форумы басталды.

АСИМА НҰРБАЙҚЫЗЫ ТІЛШІ:  Әлемнің 70-тен астам елінен жиналған бизнес элитасының серкелері, экономиканың салмақты сарапшылары 2 күн бойы ғаламдық проблемаларды талқыға салмақ. Форумға бес жарым мыңға жуық адам қатысып жатыр. Маңызды жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та келді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңайындағылардың барлығы экономиканың жілігін шағып, майын ішкен сарапшылар. Талай ғаламатты ойлап тапқан ғалымдар. Нобель сыйлығының иегерлері. Олардың басын қосқан тақырып: Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар. Яғни, қалалардың даму деңгейі мен адами капиталдың сапасы. Қазір технологияның кез-келген түрі қол жетімді. Соның әсерінен жер бетіндегі жұмыстың тең жарымы автоматтандырылып жатыр. Нәтижесінде, жүздеген, тіпті мыңдаған мамандық нарықтан ысырылуда.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ:   2030 жылға қарай әлемде 370 миллион адам қайта оқудан өтіп, мамандығын ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл көрсеткіш жаһандық жұмыс күшінің 14 пайызын құрайды. Жаңа технологиялардың себебінен көптеген мамандықтардың орнына мүлдем басқа, жаңа мамандықтар пайда болуда.

Ал дүниежүзіндегі 4 млрд адам қалада тұрады. Бұл жер шары тұрғындарының 55 пайызы. Көп ұзамай қала халқы екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін. Демек, әрбір он адамның 7-уі қалалық болмақ. Ал инвестиция мемлекетке емес, қалаға келеді. Сол себептен, Қазақстан да жалпыәлемдік урбанизация үрдісіне бет бұрды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ:Қазақстандағы урбанизация белсенді жүргізіліп келеді. Ел халқының 40 пайызы ауылда  тұрады. Бірақ, олардың тең жарымы қалалық жерлерде жұмыс істейді. Бізде ірі қалалардың саны артып келеді. Елордамыз аз уақытта миллиондлық мегаполиске айналды. Алматы қаласының тұрғынлары 2 млн-нан асады. Былтыр бұл қатарға Шымкент қосылды. Тағы екі қаланы мегаполиске айналдырамыз.

Урбанизация тақырыбына қазір бүкіл әлем алаңдаулы. Әсіресе, көршілес Қытай елі. Онда урбанизацияның жаңа моделі табысты жүзеге асып жатыр. Қытайдың мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжен жер шарын ортақ үйіміз ретінде қорғауды, сол арқылы проблемаларын ортақ шешуді ұсынды.

ХАНЬ ЧЖЭН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ:  АЭФ-парт-5. Өздеріңізге мәлім, Қытайда 1,4 млрд адам тұрады. Қазір біз жаңа урбанизация моделін дамытуға күш салып жатырмыз.  Халық игілігі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуіміз керек деп есептеймін. Біздегі мақсат – қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру. Ал Қазақстанның «ақылды қалалар» бастамасы бізге қатты ұнады, әрі осы жобаны қолдаймыз.

Ал есімі төрткүл дүниеге танымал Кристин Лагард Абайдың ұлы сөздеріне сүйенеді екен. «Ақырын жүріп, анық басуға» кеңес берді. Өйткені, әлемдік экономика жедел дами бастады. Бірақ, өкінішке қарай, биылғы жаһандық өнім тежеліп жатыр. 3,6 пайызға дейін. Экономика әлі де біршама баяулауы мүмкін деді халықаралық валюта қорының басшысы. 

КРИСТИН ЛАГАРД ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: АЭФ-Парт-6. баяу жүре отырып, нық қадам басу қажет. Мен осы идеяны ұстанамын. Экономикалық даму біртіндеп қарқын алу керек. Биыл өңірде экономикалық өсім біршама баяулайды деген болжам бар. Бірақ, осыған қарамастан болып жатқан қақтығыстар біршама әлсірейді деген ойдамын. Мүмкін Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің осындай күш-жігеріңіз ықпал етіп, даму қарқынына үлесін қосады деген ойдамын.

Халықаралық майталман сарапшының осындай іргелі ойларынан соң Елбасы бөлек алаң құруды ұсынды. Ол платформа - «G-global диалогы – үлкен Еуразия» деп аталады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ: Ол жерде бизнес пен ұлттық органдардың, ЕуроОдақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды интеграциялық бірлестіктердің өкілдері көшбасшылар мен саясаткерлер айта алмай отырған ынтымақтастық мәселелерін талқылай алады. Өйткені, тараптар арасындағы араздық тиімді экономикалық әрекеттестікке кедергі келтіреді.

Ал жиын соңында Елбасына Қазақстанның сайлаудан кейінгі жағдайын қалай көресіз деген сауал түсті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ:  /аударма/ Парт-12. 01.01. Халықтың маған деген сенімі зор.  Алдағы сайлауға түсе алатын едім. Бірақ, бізге өзгерістер керек. Жаңа команда өзінің жаңа идеяларын алып келеді деп сенемін. Бастысы - халықтың өмір сапасын арттыруымыз керек. Қазір спикерлерге сәл ыңғайсыздық туып отырған шығар. Әуелі "Бірінші Президент", сосын   Президент деп жатырсыздар.  Бірақ мұндай бізде болмайды. Қазақстанда бір ғана Президент бар.  Ол - мемлекетті басқарады, ал біз оның айтқандарын орындайтын боламыз.

АСИМА НҰРБАЙҚЫЗЫ ТІЛШІ: форумда айтылған ұсыныстар мен қорытындылар жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік береді деді Елбасы. Сонымен қатар, бұл форум  әлемдік проблемаларды алаңға айналды. 5000-нан астам адамды қамтыған форум ертең де жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...