ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

«ASU» СУЫМЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСА!

19:12, 3 маусым 2019

«Асу» суымен бірге қайырымдылық жаса! Осындай тақырыппен балаларды қорғау күнінде Тараздың басты алаңында акция ұйымдастырылды. Игі іске бастайтын іс-шарада ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге 4 мың данадан астам шөлмекпен  ауыз су таратты.

Әрине, жаз маусымы жете сала сусындарға деген елдің сұранысы жоғарылай түсетіні анық. Осыны ескерген «Асу» сауда маркасы ерекше акцияны қолға алып отыр. Ауыз суды сатып алып шөліңізді басасыз әрі қайырымдылыққа өз үлесіңізді қосасыз. Бәрі қарапайым «Вплюсе» мобильді қосымшасын тегін жүктеп, акцияға қатыса аласыз.

Анжелика Малая / «Асу» сауда маркасының өкілі  / Ең бірінші «Вплюсе» мобильді қосымшасын тегін жүктеп, тіркелу қажет. Одан кейін судың қақпағында көрсетілген кодты теру керек. Қосымшада қайырымдылық деген бөлім бар сол арқылы әр құтыдан 5 теңге мұқтаж жандарға аударылады.

Иә, арнайы кодты жіберу арқылы сіз мұқтаж жандарға қол ұшын соза аласыз. Дегенмен, ұйымдастырушылар акцияға қатысу, қатыспауды тұтынушылардың өздері шешеді дейді. Бірақ, қала тұрғындары сауда маркасының бұл игілікті ісіне қолдау көрсетті.

Земфира Сайфутдинова / Қала тұрғыны  / Біз мұндай акцияның ұйымдастырылып жатқынын жақында ғана естідік. Барлығы жеңіл әрі түсінікті. Осындай қайырымдылық іске алғысымды айтамын. Және басқа да тұрғындарды шақырамын.

Қайырымдылық акциясының қорытындысы алдағы күз айларында жария болмақ. Барлық жиналған қаржы онкологиялық сырқатқа шалдыққандардың емі мен жетім балалар жұмсалады.

Данияр Асқарұлы

Рамина Мирзалимова

Асқар Әділ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар