ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСЫМ БАҒЫТ

16:48, 19 шілде 2019

Агросаланы дамытуда басым бағыттың бірі – мал шаруашылығын түлету, Оған мүмкіндік  те мол. Еліміздегі   ауыл шаруашылығы жерлерінің 4/3  бөлігін  жайылым алқаптары  алып жатыр.

Мемлекеттік маңызы бар бағыттың дамуына   Әулиеата өңірі де  өзіндік үлес қосып келеді.  Мәселен, Жуалы ауданындағы «Төлеген» шаруа қожалығы Чехия елінен 64 бас «Симментал» деп аталатын мүйізді ірі қара тұқымын әкелді. Кәрі құрлықтан келген Зеңгі баба тұқымын Данияр Асқарұлы да көріп қайтқан еді.

Жамбылдың ет бағытындағы шаруашылық әлеуетінен қазір үміт көп. Өйткені, аймақтың бұған толығымен мүмкіндігі жетеді.  Әсіресе экспорт деңгейімен қарасақ, шаруалардың да діттегені ет бағытын дамытып  қана қоймай, төрт түлікті асылдандыру. Осы істі бір жолға қойған «Төлеген» шаруа қожалығы бұған дейін де «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 200-ден астам мүйізді ірі қара малын алып үлгерген. Ал, әкелінгеніне 2-3 күн болған «Симментал» тұқымды сиырлар ет және сүт бағытын дамытуға сеп болмақ.

Мейірбек Төлегенов / «Төлеген» шаруа қожалығының жетекшісі

2011-ші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтың иелігінде 300 гектар дан астам егістік, 600 гектар жайылымдық жер бар. Сондықтан шаруаның мал басын өсіруге мүскіндігі мол. Ал, облыс бойынша бұл бағытағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тұңғыш Жанұзақов / Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы

Бұдан бөлек, Жуалы ауданы бойынша 43 мың бас сауылатын сиыр бар болса, сүт өңдейтін 4 зауыт бар. Ал, жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аталған ауданда 3 шаруа қожалық сиыр сатып алған.

Жуалы ауданы – 43 000 бас сиыр

Сүт өңдейтін зауыт саны  -  4

«Сыбаға» бағдарламасы – 3 ШҚ

Еуропаның Чехия елінен алып келінген мүйізді ірі қараның Жуалы жеріне жерсініп кетуіне мүмкіндік мол.Өйткені екі жақтың ауа-райы, климаттық ахуалы ұқсас. Ал, Жамбыл облысына биылғы жылы 4 мың  бас асыл тұқымды мал әкелінеді деп жоспарланса, қазіргі уақытта соның 3 мыңы орындалған. Алдағы уақытта қалған мың басы тасымалданады деп жоспарланып отыр. 

Данияр Асқарұлы, Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар