Ата Заң – еліміздің саяси жаңару жолын айқындайды

22:30, 14 наурыз 2017   280

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, яғни Ата Заңымыз жаңартылды. Үндеу қабылданды. Үндеуге қолдау білдірген Нұротандықтар бүгін актив жиынында бас қосты. Жаңа Заңда айқындалған міндеттердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, мұның ел болашағы үшін жасалған нақты қадам екендігі айтылды.

Иә, еліміздің басты құжаты жалпыхалықтық талқылаудан өтіп, үлкен қолдауға ие болды. Өйткені, бұл мемлекет дамуына бар күш-жігерін жұмсамақ болған отандастарымыздың таңдауы, ортақ тілегі еді. Сондықтан ел экономикасы өркендеп, халықтың әл-ауқаты артқан кезде, қоғамда саяси реформаны түбегейлі жетілдірудің қажеттілігі туындады. Осыдан кейін Елбасы жаңа конституциялық реформа ұсынды. Ал оның мәні – мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлуге негізделді. Нақ осындай жауапты кезеңде «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы да жоғары белсенділік танытты.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бұл қоғамдық-саяси мәртебесі биік жұмыстар облыс партия құрылымдарында толыққанды іске асырылды. Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың Үндеуін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанынан түрлі саланың өкілдерін қамтитын 51 адамнан тұратын спикерлер пулы жасақталды. Олар облыс аумағында орналасқан еңбек ұжымдарында, мекемелерде 179 кездесу өткізіп, оған 27754 адам қатысқан

Қолданысқа енгізілген жаңарған Ата Заң ұлт бірлігін, мемлекет тұтастығы мен оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, олардың құқықтары мен бостандығын сақтаудың кепілі болары анық. Сондай-ақ, партиялықтар жаңа Конституция ел экономикасын дамытуға және халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға да барынша ықпал етеді деп есептейді. 

Сембек Сейдәзімов, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі

Бүгінгі істелініп жатқан тарихи кезеңде қандай да бір шешім қабылданса, ол тек қана болашақ үшін, келешек ұрпақ үшін істелініп отыр. Осыны дұрыс түсіну керек. Кешегі күннен бастап, бүгінгідей, ертеңде де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қоян-қолтық еңбек етуіміз керек. Бәріміз бір кісідей атсалысуымыз керек. Сонда осы жетістіктерге жетеміз!

Актив жиынында бірқатар партия мүшелері сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Жамбылдық нұротандықтар алда үлкен жауапты міндеттердің тұрғанын біледі. Сол себепті Елбасы саясатын іске асыруға асқан жауапкершілікпен қарайтындықтарына сенім білдірісті.

 

Қымбат Қаржауқызы, Ерболат Дәулетәлі, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40