ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУДАНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ

19:46, 3 шілде 2019

Жамбыл ауданы  Полиция бөлімінің  жанынан фронт-офис ашылды.  Азаматтарды қабылдау кеңсесі ішкі істер органдарын жаңғыртуға арналған «жол картасы» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр.   Мұнда аудан  тұрғындары құқық қорғау органдарына қатысты сұрақтарына  жауап алып, қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалай алады.

Полиция бөлімі басшысының  айтуынша, фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартып, полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз  етеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне  өзіндік септігін тигізеді. Мұнда жедел басқару орталығы мен бейнебақылау жүйесі тартылған. Бұл халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ дейді ауданның бас полицейі.

Талғатбек ТАТЕНОВ- ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Азаматтарды қабылдау кеңсесінде халық 5-10 минуттың аралығында бүкіл полиция қызметіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Компьютерлер орталық базаға тіркелгендіктен көліктерге қатысты айыппұлдарды да көруге мүмкіндігі бар. Ең бастысы, тұрғындарға көп кезек күтпей-ақ өз мәселелерін шешуге мүмкіндік бар.

Мәди ЕРҒАЛИЕВ- Жамбыл ауданының  тұрғыны

Естеріңізге сала кетейік азаматтарды қабылдау кеңселері өңіріміздің әр ауданында ашылуда. Енді, облыс тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына осында жылдам әрі уақытылы жауап алуына мүмкіндік бар .

С. Жұмабек , Сапар Серікұлы  «Жаңалықтар қызметі» Жамбыл ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар