ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

13:53, 6 ақпан 2019

Мыңдаған отбасыны қара жамылдырып, талай боздақтардың өмірін киған ауған соғысы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл - 30 жыл. Осы ретте шаһардағы №26 мектеп  ұстаздары мен оқушылары «Ауған соғысына 30 жыл»  атты кездесу ұйымдастырды.
10 жылға созылған ауған жеріндегі майданға 2236 жамбылдық аттанған. Оның 300-ден астамы  әр түрлі деңгейдегі жарақат алып, 1 жауынгер із-түссіз кеткен. Кездесуде жастардың зұлмат соғыс жайында көлденең ақпараттарды  білмей, ардагерлердің өз аузынан естуі маңызды. Өйткені олар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.

Дүкенбай Ермекбаев - Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының жетекшісі

Бұл жиында жастар қанды майданды өз көздерімен көрген ардагерлердің әңгімесін тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Азаматтық борыштарын өткеріп өзге елде  қаза тапқан ағаларымызды қадірлеп, құрметтеу біздің басты міндетіміз –дейді оқушылар.

Нүрия Үрпекова - оқушы

Сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлері қарттар үйінде де қариялармен кездесу өткізді. Мұнда оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қарттардың бір сәтке болсын көңілдерін көтерді. Ауған ардагерлеріне құрмет көрсету мен қаза болғандарды еске алу жылда дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бір анығы қанша жыл өтсе де етігімен қан кешкен жерлестеріміздің ерен ерлігі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

К.Ш, Өміртай Ыбырай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...