ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

18:51, 8 ақпан 2019

Мыңдаған отбасыны қара жамылдырып, талай боздақтың өмірін қиған ауған соғысынан Кеңес әскерінің шығарылғанына- 30 жыл. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Ауғанның асуында- от кешкендер» тақырыбында  тарихи- танымдық кеш өткізді.

Ауған жеріндегі майданға 2232 жамбылдық аттанған. Бүгінде облыста  олардың 1045-і болса, 300 азамат әр- түрлі деңгейдегі жарақаттың зардабын тартуда. Ал, бұл кештің көздегені, ағалар жолының ерлік шежіресімен  танысып, кешегі ерліктерімен қоса, бейбіт өмірдегі еңбектерін, қоғамдық қызметтерін жастар назарына ұсыну.

Ержан Әмірбекұлы ТАРМПУ РЕКТОРЫ /Отан алдындағы борышын өтеу жолында жат жерде жан тапсырып құрбан болған боздақтардың есімін халық жадында мәңгілік қалдыру. От пен оқтың ортасынан аман оралған ауған ардагерлерін патриоттық тұрғыда есте қалдыруға арналған кешіміздің мәніосылай өрнектеледі./

Танымдық кеште студент жастар  қан майданды өз көздерімен көрген ардагерлердің қызықты әңгімелерін тыңдады. Әсіресе  студенттердің  сахыналаған «Баласын күткен ана» қойылымы ардагерлерді бір  толқытты.

 

Әрине соғыс тарихы әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ нәрсе адам шығыны. 30 жылдық қарсаңында осындай игі іс-шара өткізіп, құрметтеген білімгер жастарға ардагерлер  де дән риза.

Қ.Байкүшіков

А.Әділ «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...