ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

АУЫЛ –АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ – ОРТАҚ ИГІЛІК

20:50, 8 ақпан 2019

Жуалы өңірі өнімдерінің өсімін айтса, Жамбыл ауданының әкімі ауыл шаруашылығы мен салық саласындағы оңды  нәтижелерді ортаға салды.  Осыған дейін 17 ауылдық округте кездесу өткізген Бақыт Қазанбасов қорытынды есебінде ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды, алдағы жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың талап тілегіне құлақ түрді.  Асадағы алқалы жиыннан Бекжан Сабыржан жалғастырады.

Агросалға арқа сүйейтін Жамбыл ауданы соңғы жылдары өнеркәсіп саласында да өсімге қол жеткізе бастапты.  Өткен жылы өңірдегі  өнеркәсіп өнімі 11 млрд. 155 млн. теңгені құраған. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласында да алға жылжудың бар екенін айтты. Экономикадағы өсім жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік беріп отыр.

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Есептік кездесуде тұрғындар да сөз алды. Көпке ортақ мәселенің бірі  бірі – ауыз су тапшылығы. Қазіргі таңда 42 елді мекеннің 19-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар.  Енді,  Шайқорық, Танта, Қоңыртөбе, Қапал елді мекендеріне құрылыс басталса, тағы он шақты ауылға ауыз су тару жоспарланып отыр»,- деді, Бақыт Қазанбасов. Сондай ақ, көгілдір отынмен қамту күн тәртібінен түскен жоқ.

Өрнек, Тоғызтарау ауылдарына газ қашан келеді ?

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ/ жоспарда бар, жақында барып қалады /

80 мыңдай халқы бар ауданда атқарылған жұмыс аз емес. Енді,  Жаңадан беріліп жатқан жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу,  шекаралық аймақтардағы тәртіпті реттеу, шаруа мен бизнесті қатар дамыта отырып, халықтың әл ауқатын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жоспарға сай жүретін болады.  Мәселен, Агробизнес бағдарламасы бойынша биыл 4-5 пайызбен несие алуға мүмкіндік жасалып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...