ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕСІ

14:49, 15 сәуір 2019

Өткен сенбі ауылшаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының коммуналдық базарында кезекті жәрмеңке өтті. Оған Жуалы, Меркі, Мойнқұм аудандары мен қалалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары жеткізілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты: Шаһар тұрғындарын тиімді бағада сатылатын ауылшарушылық  өнімдерімен қамтамасыз ету. Мәселен, бұл жолы ет өнімдеріне деген сұраныс жоғары болғандықтан, халықтың басым көпшілігі арзан бағада ұсынылған төрт түліктің етін алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, Тараздықтар үшін ұсынылған  сүт өнімдерінің де пайдасы мол. Себебі:  жәрмеңкеге келген адамдардың көбісі зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар.

Мейірлан Жусанбаев қала тұрғыны

Мұнда жеміс-жидек пен көкөністіңде  бірнеше түрін кездестіруге болады. Жалпы сапаға және табиғи таза өнімге мән берген жұртшылық өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Себебі мұндағы тауардың көбісі аулды жерден әкелінген таза табиғи өнімдер.

Берік Нығмашев Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы

Аталған жәрмеңке мамыр айының соңына дейін сенбі және жексенбі күндері белгіленген кестеге сәйкес өткізіледі. Осы аптада Байзақ, Қордай, Талас аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылатын болады.

Қ.Байкүшіков

Т.Терлікбаев

«Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар