ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАРТУ

21:06, 5 шілде 2019

Ауыл тұрғындарына тарту.  Жамбыл ауданында Елорда мерекесіне орай 2 бірдей нысан пайдалануға берілді. Аса ауылында шағын футбол алаңы ашылса, шайқорықтық балдырғандар енді заманауи балабақшаға баратын болды.

«Нұр-Сұлтан» қаласының туған  күні  қарсаңында  Шайқорық елді мекенінде шағын орталық пайдалануға берілді. «Әр бір бала жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген Елбасымыздың сындарлы саясатын ұстана отырып, бүгін «Сәдуәлі» шағын орталығы заманауи талапқа сай жаңа ғимаратқа көшірілді.  Бұған дейін мектеп жанынан ашылған шағын орталықта  50 балаға тәрбиеленіп келсе, бұдан былай  орын саны  жүзге жетті.

Нұрзат ЖАРЫЛҚАСЫН  ТӘРБИЕЛЕНУШІ

Күні кеше Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Алаңға жұмсақ жасыл жамылғы төселген.Мұнда балалар жазда футбол, волейбол ойнауына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта аудан көлемінде 153 спорт нысаны аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Бауыржан ҚАЛШЫМБЕТОВ  АСА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Осылайша елорда күніне орай жамбылдықтарға толымды тарту жасалды. Балабақша да, спорт алаңшасы әлеуметтік дамуға өзіндік үлесі бар нысандар болары анық.

Р.Ш. Іңкәр Сүлеймен «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар