ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

АУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

19:02, 12 тамыз 2019

Ауыл аймақта шағын кәсіп пен шаруашылықтар қатары көбейіп келеді. Оған мемлекеттік бағдарламалар сеп болуда.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік жобаларының тиімділігін  ауыл тұрғындары да пайдаланып отыр.  Т.Рысқұлов ауданында бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы  Данияр Асқарұлы айтып берсін.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы – өз тиімділігін көрсетіп отыр. . Оған қатысушылар кәсіпкерлік палатасынан бір ай ішінде арнайы оқудан өтіп, бизнес-жобасын әзірлеп, оны іске асыру мүмкіндігін алады.  Осындай мүмкіндікке ие болғандардың бірі  Бекнұр Шайхы. Қой шаруашылығын қолға алған азамат алдағы уақытта жайылым жердің мәселесі шешілсе дейді.

Бекнұр Шайхы / Шаруашылық жетекшісі /Ата кәсіпті жалғастырайын деген ниетпен несие алып, жұмыс бастадық. Алдағы уақытта мал басын өсіремін деп отырмын...

Ал, аудан орталығынан таяуда ғана ашылған шаштараздың жұмысы қызып тұр. Техникалық мамандықты қысқа мерзімде оқып шыққан ауыл тұрғыны Гұлнұр Данаева қазір шаштараз шебері. Жұмыс жоқ деп үйде отырған жандарды техникалық білім алуға шақырады.

Гұлнұр Данаева / Шаштараз шебері / Үш ай бойы осы шаштараз ісін оқыдық. Одан кейін жұмыспен қамту орталығына барып осында жұмысқа орналастым...

Бұдан бөлек, Т.Рысқұлов ауданында биылғы жылы техникалық  мамандықпен 200-ден астам тұрғынды қамту жоспарланған. Ал, қазіргі уақытта оның 160-ы тиісті сертификат алған.

Дәурен Бапанов / Т.Рысқұлов аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары  / Бағдарлама негізі үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыты бойынша биылғы жоспар уақытылы орындалып келеді...

Сонымен Т.Рысқұлов ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іс жүзінде жүріп жатыр деп айтуға негіз бар. 120 адам несие алуға өтініш берсе, соның 68-і қазір жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетуде. Әрине, тұрғындар жобасы сәтті жүзеге асса, өңі экономикасының өрге басары анық.

Данияр Асқарұлы

Тоқтар Терлікбай

«ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...