ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ КОЛЛЕДЖ

13:28, 4 наурыз 2019

Ауылдағы колледж. Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылында ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орны бар. Оның бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Тоқырау жылдарында да тоқтамай, білім беруін жалғастырған колледжге алпыс жылға жуықтапты. Ауылдағы білім ордасын  тілшіміз Аягөз Тілеуханқызы көріп қайтты. 

Бұл Өрнек ауылы.  . Аядай ғана ауылда мұндай колледждің бар екенін естігенде таңданғанымыз рас. Үш қабатты ғимараты,50 орындық жатақханасы, оқу-өндірістік шеберханасы, тіпті техникасына дейін түгел. Қазір мұнда 184 бала фермер шаруашылығы, электрмен және газбен дәнекерлеу, слесарь  мамандықтары  бойынша білім алып жатыр.  Көбі ауыл балалары. Тек Жамбыл ғана емес, өңірдің  өзге  аудандарынан да оқушылар бар.

Бақдәулет ЯКИЯЕВ  СТУДЕНТ /биыл 3-курс оқып жатырмын,жақында бітірем, көп нәрсе үйрендім. Және осы мамандықпен жұмыссыз қалам деп ойламаймын/.

Ержігіт ӘБДЕНБАЙ  СТУДЕНТ/Ақшолақ ауылынанмын. Жатақханада жатып оқимын. Көп жерде сұраныс боп жатыр, ағаларымның қасына жұмысқа шақырып жатыр. ұстаздарыма айтар алғысым шексіз/.

 Колледжің 10 бірлік түрлі техникасы бар. Бұзылған жағдайда өздері-ақ жөндеп алады, деп ұстаздары мақтанышпен айтып отыр. Өз күштерімен көлік жөндеу шеберханасын да соғып алыпты.  

Степан ЧИЖИКОВ  СТУДЕНТ /Мен ауылшаруашылығы-фермер шаруашылығында оқимын. Өзіме ұнайды, осы салада жұмыс істеген. Қазір кез-келген техниканың құлағында ойнаймын/.

Нұрхан САМАТОВ  БОЛАШАҚ МАМАН /Бізге көп кеп жатыр қазір, шаруашылықтарға көмектесуге. Жалпы, біз бітірген жағдайда бізге жұмыс дайын/.

Білім мекемесі жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін дуалды оқыту жүйесін қолға алдық дейді. Кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде. Мәселен, былтыр құрылған механикалық жасаққа тартылады.

Талап НЫШАНБЕКҰЛЫ - №17 КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ /фермер шаруашылығы бойынша дуалды оқыту жүргізіп жатырмыз. Бұл жөнінде бізде алты шаруашылықта келісім-шарт бар. бұлар осы жерді бітіріп шыққаннан кейін сол шаруашылықтарға жұмысқа орналасуына біз көмектесеміз. Біз дайындап жатқан мамандықтың бәріне бүгінгі таңда сұраныс бар/.

Биыл бұл колледжді 94 бала бітіріп шығады, Түлектер  маусым айында диплом алатынына  қарамастан, шаруашалықтар қазірден ақ сұраныс бере бастапты.

А. Тілеуханқызы, Сапар Серікұлы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар