Ауылдағы мешітке құран кітабын табыс етті

22:00, 10 шілде 2017   214

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков өзінің туған жері Талас ауданы Ақтөбе ауылындағы мешітке Меккеден арнайы алдырған Құран кітабін сиға тартты. Қасиетті кітапты имамдар мен ауыл азаматтары Ақтөбе имам мешітіне орналастырды.

Талас ауданындағы Ақтөбе ауылы. Бұл небары 20- отбасы тұратын шағын ғана елді мекен. Алайда, бұл ауылдан көптеген елге белгілі азаматтар шыққан. Солардың бірі белгілі ғалым, елші, көптеген ғылыми еңбектердің авторы Мырзатай Жолдасбеков. Ол өз ауылы Ақтөбеге үлкен мешіт салдырып қана қоймай, Меккеден қасиетті Құран кітабын алдырып, осында сиға тартып отыр. Бұл үлкен сауапты іс.

Асхат Ақманбетов, «Хибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы

Бұл қасиетті Құран кітабының бағасы шексіз. Мұны силаған азаматтарды құдай қолдасын. Мына бірінші беттен бастап, барлық аяттар жазылған. Мына бақара сүресінің өзі адамзатқа тура жол сілтейді

Құран кітабының салмағы жеті келі тартады. Ішінде Құранның барлық аяқттары мен сүрелер жазылған. Ақтөбе имам мешітінің қақ төріне қойылған қасиетті кітап бесін намазына жиналған барлық жамағатқа көрсетілді. Құран кітабы әрине бағаланбайды. Оның құны жоқ. Ең бастысы осыны алдырып отырған азаматтардың алла жолын ашсын. Елімізді түрлі бәледен, қауіп- қатерден сақтап, Алла жар болсын деп дұға етті келушілер.  

Шымыртай Жолдасбеков, Ақтөбе имам мешітінің бас имамы

Ауылымыздың біртуар азаматы Мырзатай Жолдасбеков мешіт салып берді. Енді міне кітап силап сауапты істің куәсі болып отырмыз. Бұл Ақтөбе ауылының өзі киелі ауыл. Мына тұрған төбелерді құпиясы көп. Оны зерттегендер де бар. 6-7 ғасырлардан бері бар

Одан кейін жұртшылыққа мешіттің кітапханасы көрсетілді. Мұнда Мырзатай Жолдасбековтың әр жылдары жарық көрген кітаптары мен ғылыми еңбектері, түскен суреттері мен туған ауылы туралы құнды мәліметтер бар. Осы шараға Астанадан арнайы келген қобызшы, композитор Әлқуат Қазақбаев өз өнерін ортаға салды.

Фрагмент (қобыз тарту сәті)

 

Айбол Қарашев, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі» Талас ауданы

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40