ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – ОРТАҚ ИГІЛІК

21:14, 11 ақпан 2019

Тұрар Рысқұлов ауданында 80 пәтерлік 2 тұрғын-үй бой көтереді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл жоба «7-20-25» бағдарламасының аясында тұрғызылмақ. Бұл туралы ел алдында есеп берген аудан әкімі айтты.

2018 жылы Тұрар Рысқұлов ауданындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 5,5 миллиард теңгені құраған. Нәтижесінде, 113 тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Құландағы құрылыс қарқыны мұнымен тоқтап қалмайды. Есепті жиында аудан әкімі «Жастар жылында» жүзеге асатаны жобалармен таныстырды.

Асқар ҚЫРЫҚБАЕВ – Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Ал, агросаладағы  жалпы өнім көлемі биыл 28 миллиардқа жеткен. Техниканы жаңғыртып, өнім көлемін еселеу бағытында жұмыстар жалғасады. Есепті кездесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Құлан ауылындағы автобекетті ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру керектігін айтты. Және әр саладағы жұмыс жоспарларына тоқталды.

 Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тағы бір айта кетерлігі, биыл тұрғындар қозғаған елді мекендерег газ тарту және көше жөндеу жұмыстары жалғасады. Ауылдағы жолды  жөндеуге  бюджеттен 240 млн қаржы қарастырылып отыр.  Сондай-ақ, Құландағы Арай тұрғын үй алқабына электр желісін жеткізу жұмыстары да осы жылы аяқталып қалады.

Б. Сабыржан, Ө. Ыбырай, «ЖҚ» Т. Рысқұлов ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...