ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

АУЫЛДЫ ӨРКЕНДЕТУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

22:55, 14 мамыр 2019

Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік нысандары алғашқы тоқсанда 8 млрд теңгенің өнімін өндірген. Ал,  бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрап отыр.

Дегенмен, Тараздың  іргесінде тұрса да Жамбыл ауданының экономикасы қуатты деуге келмейді. Даму жолындағы жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов баспасөз мәслихатында баяндап берді.

Жамбыл  ауданының экономикасын күшейтуге мүмкіндік мол.Мал және егін шаруашылығын қатар дамытып, қала іргесінде болған соң инвестиция тартуға да қолайлы аймақ. Осы бағыттарды  алға бастыру аудан атқамінерлері үшін басты міндет болып тұр. Қазір, көрігі қызған көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Ауданда  3000-нан астам шаруа қожалығы бар. Ет, сүт  бағытындағы кооперативтер құру мәселесі басты назарға алынып отыр.    

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Биыл ауданға құны 18 млрд теңге болатын инвестиция тарту жоспарланып отыр. 3 ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жерді түгендеу, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, іскер азаматтарға үлестіру туралы тапсырма да өз деңгейінде орындалуда. 5000 гектарға жуық алқап ауданның жер қорына тапсырылыпты.

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Мал етін экспортқа шығарудан Жамбыл ауданы биыл  124 тонна етті  Өзбекстанға сатып, алты айдағы жоспарды  үш айда орындаған. Бақыт Қазанбасов ауданның экономикасы облыста алдыңғы қатарға шығуы үшін алда атқарылар міндеттер  мен кезегін күткен мәселелерді де атап өтті. Өңірді дамытуға бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

А. Тілеуханқызы, Ғ. Есенбаев, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар