ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

15:22, 10 маусым 2019

Әр аптаның демалыс күндері өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда.  Онда аймақтың барлық аудандарынан түрлі өнімдер әкелініп, халыққа арзан бағада ұсынылып отыр.

Бұл жолы тұрақтандыру қорымен он ауданнан жалпы құны 8,3 миллион теңгені құрайтын 33,2  тонна өнім әкелініпті. Оның ішінде, 3,9 тонна ет, 1,2 тонна шұжық өнімдері, 1,6 тонна сүт өнімдері, екі мың дана жұмыртқа, сондай-ақ өзге де тауарлар, жеміс-жидектер мен көкөніс  сатылымға шығарылды.

Мұратхан ШҮКЕЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, апта сайынғы өтетін жәрмеңке аймақтың тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік беруде. Т.Рысқұлов ауданынан келген   Жазира Қабылханова   да солардың қатарында. Ол, осы жолы сүт және ет өнімдерін жұртшылыққа ұсынуды жөн көріпті.

Жазира ҚАБЫЛХАНОВА  САТУШЫ

Сондай-ақ, мұндағы тауарлар күнделікті базар бағасынан 10-20 пайызға дейін төмен сатылады. Бұл қала тұрғындары үшін едәуір тиміді. Сондықтан, алдағы демалыс күндері де жәрмеңке жалғасатын болады.

А.Ермекұлы,   Н.Құдияр                                        «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар