ШҰҒЫЛ! COVID-19: ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Толығырақ

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ

19:23, 2 шілде 2020

Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті  біздің елді де айналып өткен жоқ. Облыс бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны өсуде. Байзақ ауданы бойынша  бұл кеселді жұқтырғандар саны 53 ке жетті. Ал симптомсыз ауырып тіркелгендердің  саны 41. Ауырғандардың 46-сы тиісті ем алып, сауығып шыққан.

Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылында орналасқан Жамбыл облыстық мамандандырылған ересектерге арналған фтизиопульмонология санаторийі базасында 150 төсекке арналған карантиндік стационар ашылған. Мұнда 14 күнге оқшаулау ережесін сақтай  отырып, пациенттер қабылдауда. Ауданда  короновирустан көз жұмғандар  тіркелмеген. Дәрігерлер қазір індет жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың денсаулықтары үшін аянбай күресуде.

Ержан ӘБДІХАЛЫҚОВ- Жамбыл облыстық мамандандырылған ересектерге арналған фтизиопульмонология санаторийі НІҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Жанар Таласбаева бетперде тақпай  мейрамханалар мен жиындарға барып, сақтық шараларына салғырт қараған. Салдары қауіпті індетті жұқтыруға әкеп соқтырған. Айтуынша, алғашында тұмаумен ауырдым деп мән бермеген. Қызуы көтеріліп тынысы тарылғанда короновирус инфекциясына тест тапсырыпты.  Талдау оң нәтиже берген. Қазір науқастың жағдайы қалыпты. Емдік шараларды өз уақытында жасап жатқан дәрігерлерге алғысы шексіз. 

Жанар ТАЛАСБАЕВА- ЕМДЕЛУШІ.

Қауіпті індеттің көптеп таралуына байланысты облыста карантиндік режим күшейтілуде. Сондықтан қауіпсіздік шараларын барынша сақтаған абзал. Ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздегеннің ұтары анық.

А. Тілеуханқызы,   Еламан Мәңкеұлы, Мерей Сардаров «Жамбыл ньюс» 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
20:23, 10 тамыз 2020
КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
Толығырақ...