ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ - ТАБЫСТЫ САЛА

18:37, 10 қыркүйек 2019

 

Меркіде 267 адам қайтарымсыз грант алатын болды. Олардың дені көпбалалы аналар мен жастар. Шағын шаруа мен кәсіпті дамыту  мемлекет басымдық беріп отырған бағыт.  Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен  аудан әкімдері де қазір жұмыс  алгоритмін жасақтап, бірінші кезекте тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге қатысты тірлікке бет бұрды. Осы орайда меркідегі   жұмыстар мен алдағы жоспарларды нақтылау мақсатында жиын өтті.

Бүгінде мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына қолдау көп. Жасыратыны жоқ, ебін тауып, көмекқаржыны алып тірлігін түлеткендер де, түрлі проблемалар кесе көлденеңдеп, ақшаны ала алмай жатқандар да баршылық. Алқалы жиында осы мәселелер ашық айтылды. Мұнан өзге тұқым шаруашылығы, егіс егудің мәдениеті, минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігі, мал шаруашылығы,  асылдандыру, қолдан ұрықтандыру тәсілдері, қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану,  жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар  туралы кеңінен сөз қозғалды.

Меркі ауданына көпбалалы аналар мен  29 жасқа дейінгі жастарға, яғни, 267 адамға 134 миллион теңге қайтарымсыз грант бөлініп отыр. Қазір солардың  106-сы  56 млн. теңге  алып үлгерген. Тағы 80 млн теңге өз иесін күтуде екен.

Ерінбей еңбек еткеннің асы сіңімді, елге сыйлы. Меркіде өз ісімен көпке танылған, еңбеккеш жандар жетерлік. «Сыпатай батыр» шаруа қожалығының иесі қант қызылшасын егудің тиімділігі, жаздық, күздік бидайдың ерекшелігі,  егіс егудің қыр-сырымен бөлісіп,  шаруаларды тәтті түбір егуге шақырды. Ал «Серікхан ДС» шаруашылығының иесі қойды асылдандыру ісінің маманы. Дихандық пен шопандыққа бет бұрғалы отырған азаматтар жиында шаруасына шырай кіргізіп, толағай табысқа  жетіп отырған осындай мамандардан кеңес алып, көкейдегі сауалдарына жауап  алды.  Жиынды қорытындылаған аудан басшысы баршаны  жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...