ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ КЕШЕНДІ ШЕШІЛЕДІ

20:30, 13 маусым 2018

Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш жігер салу керек. Бұл аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың облыс елді – мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша өткен алқалы жиында жауаптыларға тапсырылған тірлік.

Иә, республикалық көрсеткіш бойынша біздің өңір ең төменгі нәтижемен көш соңында келеді. Демек, бұл күрделі проблема. Сондықтан мұны 3-4 жылда түп-тамырымен шешу керек деді облыс әкімі. Бұдан бөлек тағы қандай  проблемаламар қаузалды? Толығырақ Алмат Сәдуақастың репортажында.

4 қала, 10 аудан - миллионнан астам халық. Ауыз сумен қамтылғаны 100 пайыз болмаса да 90-ға жуық. Жақсы көрсеткіш. Бірақ, мөлдір сумен айызын қандыра алмай отқан әлі 184 елді-мекен, тасымалдап күнелтіп отырған 4 ауыл бар. Бұл, энергетика және тұрғын үй басқармасы басшысының баяндамасындағы цифрлар. Қазір, облыстағы қалаларда тұратын 444 425 адамның 86,6 пайызы сумен қамтылған. Ал, жалпы көрсеткішті 88 пайызға жеткізу жыл соңына жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 334 млн теңге бөлінген.

Нұрлан Алдамжаров - Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

КТМ: Ал, бірқатар  ауылдарда  мәселе бар.  6 аудандағы 65 елді мекенге кестемен тәулігіне тек 2-4 сағат қана су беріледі. Сондықтан мәселені шешудің бір жолы орталықтандырылған жүйеден бөлек 30 ауылдық елді мекенде жер асты су қорларын анықтау үшін іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін болады. Алайда, бұрғылау техникасын жалдау тым қымбатқа түспек. Қажетті тереңдіктегі бір ұңғыманы қазу үшін 15 млн теңге кетеді екен. Есептеңіз, 15 млнды 30 ға көбейткенде 450 млн теңге кетеді. Бұл ақшаны ауаға шашу. Сол үшін техниканы сатып алу әлде қайда тиімді екенін тілге тиек  етті аймақ басшысы.

 

Асқар Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі

Енді, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуде көрсеткіштерді кері тартып отырған аудандарды назарлаңызға ұсынамыз. Қалаға ең жақын орналасқан Байзақ ауданы көш басында. 43 елді мекеннің 16 – сында су жоқ. Жамбыл ауданы 2-ші орында. 42-нің 17-де ғана су бар. Тізім осылайша жалғасып кете береді.  Осы сынды ірілі-ұсақты түйткілдің бәрін тізген басқарма басшысына  шимағы көп саланы бірізділікке салып, жұмысты жүйелегені үшін аймақ басшысы оң бағасын берді.  Бірақ марқаюға әлі ерте. 184 ауылдағы ағайынның аузын суға жеткізу үшін шамамен 53 млрд теңге қажет екен. Бұл өте үлкен қаражат. Республикалық бюджеттен бірден мақұлданып, беріле қоймасы анық. Сондықтан Асқар Мырзахметов уақыт жоғалтпай жоғарыға қол жайып сұраншақ болмай, бұл соманы өзімізден табудың тәсілін қарастыру керек деді. Дайын жоба да бар. Тіпті еуропалық банктерді тартуға да мүмкіндік бар. Ендігі кезекте тежелмей алдағы жылдары ауыз сумен облыс жұртшылығы 100 пайыз қамтылу керек деген маңызды меже мақсат етілді. Мұның жоспарын жазып, ретке келтіруге басқарма басшысына 15 күн уақыт берілді.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...