ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

АВТОБУСТЫ МАС КҮЙІНДЕ БАСҚАРҒАН

19:51, 18 қазан 2019

 

Таразда автобусты  мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды. «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық көліктің техникалық жағдайының сәйкестігін тексеру үшін  Привокзальная көшесінде 40 маршруттық автобус тоқтатылған. Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер оның алкогольді ішімдік ішкенін анықтаған.

Ал, медициналық сараптама қорытындысы да  жеңіл түрдегі  мас  күйде болғанын көрсетті.  «Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі «жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы» бойынша  хаттама  толтырылды.  Енді ол үш жыл мерзімге көлік жүргізу  құқығынан айырылуы мүмкін. Анықталғандай, ол  13 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін  түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Сондай-ақ,  2015 жылы қарсы  қозғалысқа арналған жолдың  жаяу  жүргіншілер бөлігіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны да белгілі болды.  

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар