ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

АВТОКӨЛІК - ЕРМЕК ЕМЕС!

15:14, 11 қаңтар 2019

Таразда біреудің автокөлігін  бір балалар рұқсатсыз мініп кеткен.Оқиғаның орын алу барысы қызық. 

Көшеге шыққан төрт жасөспірім жаяу жүргенге ерініп, егесі беймәлім көлікке отырып шаһарды араламақ болған.  Автокөлік иесінің хабарынан кейін жедел іске кіріскен  Тараздық полицейлер, патрульдік экипаждың көмегімен бір сағаттың ішінде жолды бөгеп, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды ұстады. Бөтен көлікті иеленген еріккен балалардың  көлік жүргізу куәліктері де жоқ екені белгілі.  Жергілікті полиция қызметкерлері өңір халқын сергек болуға және материалдық құндылықтарды бағалауға шақырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар