ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ КЕРЕК Толығырақ

АЗИЯ БІРІНШІЛІГІ

19:27, 9 қыркүйек 2019

 

Қазақ каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды. Тараз төрінде өткен құрлықтық додада қарсыластарына дес бермеген отандастарымыз 27 алтынды қанжығаға бөктерді. Киокушинкай каратэден өткен турнирдің салтанатты шарасына  облыс әкімі Асқар Мырзахметов те қатысып, шығыс жекпе-жегінің шеберлеріне сәттілік тіледі. Сары Құрлық саңлақтары жиылған додадан Аян Ермекұлы әңгімелейді.

Жеті ел. Қырық бір  салмақ дәрежесі.  300-ден астам спортшы.  Осындай үлкен турнирда  екі күн бойы тартысқа түскен каратэшілер үкім мықтыны анықтады.  Ал, барлық спортшының  Азияның алтын медальін мақсат етіп келгені бесенеден белгілі болатын. талабы таудай спортшыларға облыс әкімі де жылы лебізін жеткізді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кетейік, Азия ашық біріншілігі  екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл әлем чемпионаттарына  арналған құрлықтық іріктеу турнирі.  Бұл жолғы бәсекеге  Қазақстан құрамасының бірінші және екінші құрамы қатыспады. Себебі, олар желтоқсан айында Нұр Сұлтанда өтетін Әлем кубогына дайындалуда.  

Сайранбек ӘБІЛХАЙЫР КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЗИДЕНТІ

Ал, Каратэшілердің айтуынша  мұндай  үлкен жарыстарға мұқият және ұзақ уақыт дайындық керек. Өйткені, Азия біріншілігі спортшының әлемдік бозкілемге шығуына мүмкіндік береді екен.

Серәлі ӘБІЛҚАСЫМ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Екі күндік  турнирдің нәтижесі бойынша Қазақстан 27 алтын медальға ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты. Ал, Алатау асып келген қырғыз ағайындар  екінші орынды иеленді.  Үздік үштікті Өзбекстандық құрама түйіндеді.    

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА  АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
20:32, 27 ақпан 2020
ТАРАЗДА АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
20:31, 27 ақпан 2020
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11:45, 24 ақпан 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
22:01, 21 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
20:16, 26 ақпан 2020
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Толығырақ...