Азық – түлік бағасы қандай?

22:00, 11 қаңтар 2017   151

Өңірде әлеуметтік маңызға ие азық-түліктердің бағасы қандай? Жаңа жылдан бастап бағасы көтерілген тауарлар қайсы? Керісінше арзандаған  азық – түлік түрлері бар ма? Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Жаңа жыл басталғалы үлкен базарлар мен ірі сауда орталықтарында азық-түлік бағасы мың құбылып тұр. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа мен картоп бағасы өскен. Қазір жұмыртқының бір данасы 30 теңге мен 35 теңгенің аралығында. Ал, картоп 75 пен 110 теңгенің көлемінде.

Тұрғын

Жұмыртқа қымбаттады. Тамақтың бәрі қымбаттап жатыр...

Тұрғын

Қымбат бәрі. Пенсия аламыз жетпейді. Соғымға береміз. Бөлеміз бәріне жетпейді...

Атқарушы билік өкілдері амалдап-ақ жатырмыз дегенді айтады. Апта сайын азық-түлік бағасына маниторинг жасап, бақылап отыр. Нәтиже қандай?

Марс Сейдібаев, Жамбыл облыстық әкімдігі ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы

Соңғы талдауға сәйкес жұмыртқа бағасы біршама көтерілді. Және картоп. Бұл тауарлар маусым аралық кезеңге сәйкес жоғарылайды. Картопты тасымалдау жұмыстарына байланысты бағасы көтерілді. Ірі сауда орындарымен кездесу өткізіп жатырмыз.

Жаңа жыл қарсаңында бірқатар азық-түлік түрлерінің бағасы аспандап кететіні бар. Бұл не себептен? Жауаптылар не дейді?

Нұржан Керімбеков, Жамбыл облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасы сауда бөлімінің басшысы

Біршама көтеріп сатқан сатушылармен сөйлестік. Біз ойлаймыз жаңа жыл қарсаңында бағасын қосып жіберіп сатқан әрекеттер деп есептедік.

Сондай-ақ, нарықтағы азық-түліктен басқа тауарлардың бағасына әсер ететін тауардың шет елдерден тасымалдануы.

Мынау тұрған шағын ғана сөреден жер шарына саяхат жасауға болады. Африканың ананасы, тропикалық белдеудің бананы, испанияның грейпфруты мен ТМД елдерінен келген алманы да табуға болады. Әрине, бұлардың бағасына тасымалдау құны айтарлықтай әсер етеді.

Дегенмен, азық-түлік нарығында бір қуантарлық бір жағдай. 2015-ші жылмен салыстырғанда еліміздегі тауар өндірушілердің, яғни отандық өнімнің үлесі артып, бірқатар азық-түлік түрлерінің бағасы баяғы қалпында тұр.

 

Данияр Асқарұлы,  Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40